Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақкөл ауданындағы «Жайық Бектұров» айы - АРҚА АЖАРЫ

Ақкөл ауданындағы «Жайық Бектұров» айы

Қазан айы көрнекті жазушы-шежіреші Жайық Кәгенұлы Бектұровтың туған айы. Ақкөл ауданы әкімінің шешімімен осы ай «Жайық Бектұров» айы деп аталды. Әкімдіктің бастамасымен жазушының туғанына 104 жыл толуына арналып ауқымды шаралар белгіленді, сөйтіп, бұл ай  ауданның барлық елді мекендерінде, мектептерде, мәдениет ошақтарында кеңінен атап өтілді.

 

Аудан бойынша барлығы 24 шара жоспарланып, олар тұрғындардың белсенділігімен жоғары деңгейде, мазмұнды өткізілді.
Айталық, Новорыбинка ауылының мәдениет үйінде «Көкірегі көмбе тау тұлға» атты Бектұров оқулары, Кеңес орта мектебінде «Тағдыры тәлкек болғандар» атты дөңгелек үстел, Еңбек ауылының мәдени-спорт кешенінде жазушының «Таңба» романы бойынша әңгіме-сұхбат, Жәкеңнің туған еліндегі Аманкелді мектебінде әдеби  оқулар ұйымдастырылды. Бұл шараға барлық елді мекендерден өкілдер қатысты. Шара барысында аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізіліп, жеңімпаздар түрлі марапаттарға ие болды. Мектеп директоры Нұрболат Серікұлы «Жайық атам дана ғой, «Таңбасы» да дара ғой, кел балалар ардақтап, даналығын ала ғой» деп келетін арнау өлеңін оқып берді.
Аудан орталығындағы қазақ орта мектебінде де бірнеше шаралар өткізілді. Қазір мұнда  жерлес жазушыға арналып музей жабдықталуда. Мектеп ұжымы Жайық Бектұров көшесін қамқорлыққа алып, қалалық әкімдікпен бірге осы көшені тазалап, тәртіпке келтіріп, әрбір үйге тақташалар ілді, сондай-ақ, жазушы туралы буклеттер таратты.
Аудандық әкімдіктің осы атқарған шаралары басқаларға да үлгі боларлықтай. Әкімдер көбіне әлеуметтік-экономикалық  мәселелерге көңіл бөліп, елден шыққан тұлғаларды  еске алу жағы ескерілмей  жатады. Ал, әрбір ауданда еске алуға тұрарлық осындай тұлғалы азаматтар баршылық. Тым болмаса, оларды туған айында ұмытпасақ, жас ұрпақты тәрбиелеуге де зор ықпалын тигізер еді. Сондықтан,  «өткенді білмей, алғы жылжу жоқ» дегенді есте ұстап, Ақкөлдегідей кешегі тарихымызға ой жүгіртіп отырсақ, артық емес.  
             
    Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
ардагер ұстаз, жайықтанушы.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар