Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арбакеш жігіттің әңгімесі - АРҚА АЖАРЫ

Арбакеш жігіттің әңгімесі

Базарда арба сүйреп, кәсіп қылатын бір азаматтан мынадай әңгіме естідім.

– Бір күні маған бір жігіт келіп: –  Аға, арбаңызды екі сағатқа бере тұрыңызшы, – деді. Жақсы киінген, сырт бейнесі кедей кісіге ұқсамайды. Мені мазақ етіп тұр ма дейін десем, сөзі байыпты. Ол қолыма жүргізуші куəлігі мен көлігінің кілтін ұстатып, былай деді:
– Аға, менің қазір қалтамда ақшам жоқ, екі сағат жұмыс істеп, арбаңызды қайтарамын. Тапқан ақшамның жартысын сізге беремін. Мен: – жарайды, – деп, арбамды бердім.
Арада екі сағаттай уақыт өткенде ол арбамды қайтарды.  Екі мың теңге тапқан екен, маған мың теңгесін берді. Қалған мың теңгені базардың алдында қайыр сұрап отырған мүгедек бір жас қызға ұстатты. Сосын өзі көлігіне мініп жүріп кетті.
Арада бірнеше ай уақыт өтті. Бір күні мен сол жігітті тағы кездестіріп қалдым. Амандасқан соң одан:  
– Сол кезде неге мүгедек қызға садақа беру үшін екі сағат тер төгіп, арба сүйредіңіз. Киіміңізге, машинаңызға қарағанда, кедей адам емессіз, – дедім. Жігіт былай деп жауап берді:  
– Менің сол күні қалтамда ақшам болмады. Жұмыс орныма дейін біраз жер, үйіме дейін екі сағаттық жол еді. Мен өзімнен алақан жайып қайыр сұраған қызды қапа қылғым келмеді. Ол ақша сұрағанда  мен жоқ дей алмадым. Сондықтан, сіздің арбаңызды алып, бірер сағат жұмыс істеп, тапқан ақшамды бермек болдым. Мен үшін ең бастысы, көңілі жарым мүгедек қызды қуанту еді.
Мен бұл жігіттің əңгімесінен үлкен тағылым алдым. Мен  қаншама жылдан бері əлгі қыздың алдынан ақшамды санап өтіп кететін едім, бірақ, мұнымен қызды қапа қылып жүргенімді ойламаппын. Осыдан кейін олай істемейтін болдым.  Өткінші дүниенің соңына түскенше, қолдан келсе бір-бірімізге қайырымдылық жасап, қуантқанға не жетсін! Мен әлгі оқиғадан осыны түсіндім.
Қ. Келдіғұлұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар