Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Таңдауына өкінбейді - АРҚА АЖАРЫ

Таңдауына өкінбейді

2009 жылдан жүзеге аса бастаған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы негізінде жас мамандар ауылдың әлеуетін арттыруға үлестерін қосуда. Сондай жас маманның бірі – Дархан  Қасымов №1 Зеренді  орта мектебінде жемісті қызмет істеп жүр.

Ауылға барған жас маман  Дархан Қасымов  Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдаған. Жоғары оқу орнында оқи жүріп, «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы жайында көп естіген екен. Алғашқы еңбек  жолын Зеренді ауданына қарасты Көктерек негізгі мектебінен бастаса, кейін үйленген соң зайыбы, бастауыш сынып мұғалімі Маусымжан екеуі бағдарлама бойынша аталмыш оқу орнына жұмысқа орналасуға бел буған. Сөйтіп, жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы төленіп, жеңілдетілген несиенің көмегімен баспаналы болған.
– Бір жағы тәжірибе жинақтау, екінші жағы баспаналы болу ниетімен осы бағдарламаға  қатыстық. Мектепте оқып жүргенде тарих пәніне деген қызығушылығым зор болды, – дейді жас маман.
Бірінші жұмыс күні жайында сұрағанымызда,  бойын қобалжу мен қуаныш сезімі бірдей билегенін айтады. Мектеп ұжымы  әріптестерін жайдары жүзбен қарсы алып, жаңа ортаға сіңісуге ықпал етіпті. Әсіресе, сол сындарлы сәтте тәлімгері Әуелбек Тәкетов демеу болып, ақыл-кеңесін айтып отырған. Бүгінде еңбек етіп жүргеніне бес жылдың жүзі болса да, үйрену мен ізденуден жалықпайтынын білдік.
Жас мұғалім «Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді» деген пікірді басшылыққа ала отырып, шәкірттеріне ізденімпаздықпен білім беруде. Ол үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, әрі тартымды өткізу. Себебі, қызықты дәйектермен өрілген ақпарат  қана бала санасында берік сақталмақшы. Бұл еңбектің нәтижесі де жоқ емес. Жас ұстаз Диляра Сайлаубек, Айжан Мақат, Бекарыс Әшімбек және Бекасыл Беркеш сияқты оқушыларын мақтан тұтады. Олар мектепішілік және аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленіп, ұстаз мерейін үстем етіп келеді.
Қазіргі күні облыста осы бағдарламаға қатысып,  шалғай аудандарға барып, еңбек етіп жүрген жастар аз емес. Дархан Қасымовтың айтуынша, бір  мектептің өзінде 13 жас маман жемісті еңбек етуде. Олар пән бойынша апталықтар, ашық сабақтар мен интеллектуалдық ойындар өткізіп, біліктіліктерін арттырады. Әсіресе, сабақ беруде жаңашыл әдістерді қолданып, бір-бірімен тәжірибе бөлісуге құштар. Жас мамандардың өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен жұмысқа деген ынтасы қуантады. Жас ұстаздың  болашаққа деген жоспары көп.  Тек қана алға ұмтылуды мақсат тұтқан жас маман шәкірттерін өз пәні бойынша жақсы көрсеткіштерге жеткізуді мақсат тұтып келеді.

Ырысгүл Ашуова.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар