Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлікті бекем ететін күш - АРҚА АЖАРЫ

Бірлікті бекем ететін күш

Облыс орталығындағы Достық үйінде «Мемлекет және қоғам: дамуға бағытталған ынтымақтастық!» тақырыбында өткен VІІ азаматтық форум ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Форумға үкіметтік емес сектордың, мемлекеттік органдардың, кәсіподақ ұйымдарының, білім беру, мәдениет, бизнес құрылымдары салаларының қызметкерлері, облыстың аудандары мен қалаларының делегациялары қатысты. Азаматтық қоғамның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы дамуын қорытындылау, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен одан арғы өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған форумда негізгі баяндаманы облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жасады. Ол өз сөзінде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын, ҮЕҰ-ның атқарып жатқан жұмыстарын айтып өтті. Бұдан әрі облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова баяндама жасап, ел тәуелсіздігі жылдарында үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары, қоғамдағы олардың рөлі мен қызметі туралы кеңінен айтып берді. Сондай-ақ, форум барысында Бурабай аудандық мәслихатының хатшысы Өтелбай Бейсенов, «Насихат» консультативтік-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Қанат Алшынбаев, «Женский луч» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Евгения Овчинникова, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы қоғамдық бірлестігінің директоры Еркін Исімбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстық әділет департаментінде саяси партиялардың филиалдарын, кәсіподақ ұйымдары мен аймағымыздан тыс жерлерде бұрын тіркелгендерін қоса есептегенде, біздің облысқа жататын 1002 үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бүгінде бұл үкіметтік емес ұйымдар жастар, этномәдени, экологиялық, патриоттық, спорттық, қайырымдылық, құқық қорғау, кәсіпкерлікті дамыту, гендерлік, сауықтыру-алдын алу, ғылыми, мүгедектерге қолдау көрсету бағыттарында өз жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өзара қарым-қатынасын орнататын негізгі тетіктің бірі – азаматтардың бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. Ең алғашқыда 2006 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа облыстық бюджеттен небары 4 миллион теңге ғана қаражат бөлінген болса, бүгінде яғни, он жылдан кейінгі жағдай бойынша жергілікті бюджеттен 167,4 миллион теңге қаражат қарастырылған.
Үкіметтік емес сектор облыста өткізіліп жатқан барлық қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді түрде қатысып, түрлі органдардың жанында жұмыс істеп жатқан қоғамдық кеңестердің құрамына кіреді. Олардың ішінде қоғамдық сарапшылар, денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестер де бар.
Бұл Азаматтық форум мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларының бірегей диалогтік алаңына айналып, үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға бағытталған айтарлық оқиға болды. Ақмола облысында ең алғашқы Азаматтық форум 2005 жылы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясының қатысуымен болыпты.
Биылғы VІІ облыстық Азаматтық форумы аясында «Азаматтық сектор Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде жеткен жетістіктері контексінде», «облыстың әлеуметтік мәселелерін шешу барысында ҮЕҰ қосқан үлесі», «Әлем. ХХІ ғасыр манифесі», «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол» сияқты тақырыптар бо-йынша диалогтік алаңдардың жұмысы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мемлекеттік  пен ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосқан үздік үкіметтік емес ұйымдар марапатталды. Олардың ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың денсаулығын қорғау саласында түрлі іс-шаралар өткізіп, белсенді жұмыс істеп жатқан «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі, мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жүргізіп жүрген «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы, ұлттық салт-дәстүрлерді, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттап жүрген «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымы мен «Ақбота», «Насихат», «Новый путь», «Ел бірлігі», «SARA»  «Kazakhstan Innоvations» сияқты қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар бар.
Іс-шараның пленарлық мәжілісінің соңында қараша айының соңына таман Астана қаласында өтетін республикалық Азаматтық форумға біздің облыстан баратын делегация құрамына сайлау өткізілді.

Суретті түсірген Валентина ОТТ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар