Нұрлан НҰРКЕНОВ,
облыс әкімінің орынбасары
Азаматтық форумның ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілуі бүгінгі күннің жақсы бір нышаны айқын. Үкіметтік емес сектор қазіргі даму кезеңінде қоғам өмірінен өзінің нақты орнын белгілеп алған, демократиялық даму векторының әрі қарайғы қайталанбас кепілі болып табылады. Бұған заңнамалық базаның үнемі жетілдіріліп отыруы оң ықпал етті деп айтуға болады. Бүгінде облыста мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестік жүйелі сипатқа ие болып отыр. Осы күні үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында республикалық және аймақтық бағдарламалар мемлекеттік деңгейде қабылдануда. Облыс әкімдігі жанынан Үкіметтік емес ұйымдардың кеңес түріндегі консультативтік-кеңестік органы құрылып, жұмысын жүзеге асыруда.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заңның қабылданғаны ҮЕҰ мемлекеттің кең көлемді әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуына тартудың тиімді жүйесі грант түрінде өткізуді қалыптастырды. Бұдан үкіметтік емес ұйымдар да, мемлекет те, қоғам да ұтып отыр деп ойлаймын. Ақмола облысы ҮЕҰ әлеуметтік бағдарламаларына арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс-тарды қамтамасыз етіп отырған аймақтардың бестігіне кіреді. Ағымдағы жылы бұл бағыт бойынша 167,4 миллион теңге қаржы бөлінген.
Уақыт бір орында тұрмайтыны анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында 30 дамыған елдің қатарына кіру үшін біздің алдымызға нақты тапсырмаларды міндеттеп қойды. Онда бізге мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара әрекеттесуінің жаңартылған құралдары қажет болмақ. Біз қазіргі таңда Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Ол индустриалдық-инновациялық экономиканы, ғылыми-техникалық базаны дамытуға, инновацияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған.
Бұл жүйеде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі негізгі болып табылатынына мен сенімдімін. Үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалар мұның айқын дәлелі. Бұлар бір қарағанда көлемді көрінуі мүмкін, бірақ, халыққа олардың берері мол, нақты мәселелерді шешуде орындары ерекше. ҮЕҰ-ның бүгінгі жағдайы қоғамдық өзекті мәселелерді шешіп, реттеуде олардың қабілеттіліктерін көрсетіп отыр. Олар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға өздерінің елеулі үлестерін қосып жүр. Сондықтан, олармен бірлесіп жасайтын жұмыстардың ауқымы кең. Бұл жерде оларды жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешуге тарту, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту, жаңа технологиялар мен жасыл экономиканы енгізу, интеллектуалды және дені сау ұлт қалыптастыру, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету, жұмыспен қамту, саяси тұрақтылықты нығайту секілді мәселелерге тартамыз.
Бүгінде орын алып келе жатқан тағы бір мәселелердің бірі – кооперативте, кооперативтік психологияда, ұжыммен жұмыс істеуде, келісімдер жүргізуде серіктестік мәдениеттің жеткіліксіздігі. Бұл терең мәдени-білімділік миссиясын да үкіметтік ұйымдар мүлтіксіз орындай алады. Ешбір мемлекеттік құрылым мұндай жағдайларды ерікті түрде орнына келтіре алмайтыны белгілі. Ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасында мықты әріптестік қарым-қатынас орнығып, біз көптеген тапсырмалар мен мәселелердің шешімін таптық.
Мұндай форумдар жетістіктерді көрсетуге, тәжірибе алмасуға, орын алып жатқан өзекті мәселелерді анықтауға, атқарылған істерге қорытынды жасай отырып, алға жаңадан тапсырмалар мен міндеттерді белгілеп алуға мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Мұндай диалогтік алаң өткен кезеңге қорытынды жасау мен болашаққа жоспар құруға бағытталады.
Атқарылған жұмыстарды, ғаламдық деңгейде болып жатқан, әлі де шешімін таппаған сәттер мен алға қойылған жоспарларды ескере отырып, бізге мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы жұмыстарының белсенділігін арттырып, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту керек. Бұл ретте, жұмыс нақты, тәжірибелік тұрғыда халықтың мақсатты топтарын есепке ала отырып жүргізілуі тиіс. Келесі жылы өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуі үшін ҮЕҰ да белсенді түрде қатысуға тиіс.
Бұл ретте мен облыстағы Азаматтық Альянстың да маңызды екендігін атап өткім келеді. Ол үкіметтік емес сектордың қызметін ұйымдастыруда үйлестірушілік және ұйымдастырушылық рөл атқарады және мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс істеуіне де көп көмегін тигізе алады.
Бүгінгі күні үкіметтік емес сектордың барлық қызметкерлеріне олардың кәсіби шеберліктері мен өз істеріне деген адалдықтарына, еліміздің алға қарыштап дамуына қосып жатқан зор үлестері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.