Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектептегі мұражай - АРҚА АЖАРЫ

Мектептегі мұражай

17 партсъезд атындағы ауылда кіндік қаны тамған Талғат Олжабайұлының ел тарихына деген қызығушылығы ерте оянды. Ол сонау оқушы кезінен ел ақсақалдарынан тарихи аңыз әңгімелерді сұрап біліп, оны зердесіне түйіп, жазып алатын. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқанда да болашақтағы мамандығын іштей таңдап қойған еді.

Осылайша Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласындағы педагогикалық институттың тарих факультетіне оқуға түсіп, оны тарих және қоғамтану мұғалімі мен тәрбие жұмысының әдіскері мамандығы бо-йынша бітіріп шықты. Жиырма төрт жыл бойы өз ісіне берілген ұстаз М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып абыройлы еңбек етіп келеді. Осы жылдар аралығында Талғат Олжабайұлы өзін оқушылар мен мектеп ұжымы алдында жан-жақты көрсете білді. Бір айта кетерлігі, білікті мұғалім  өзінің алдынан өткен әр шәкіртке қазақы салтқа сай жеті атасын тарқатып, үйретіп отырады. Бұл күнде алдынан тәлім-тәрбие алған оқушылары аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ұстаздың өзі білімін жетілдіру мақсатында облыстық, республикалық семинарларға жиі қатысады. 2013 жылы республикалық онлайн конкурсына қатысып, онда ғылыми жобасын қорғап, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сол жылы оқушыларымен бірге республикалық білім олимпиадасына қатысып, өзі екі пәннен сертификат алса, оқушысы да осындай марапатқа ие болды. 2014 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан және дүниежүзі тарихынан республикалық қашықтық олимпиадасына қатысуын растаған сертификаттар алды. Осының барлығы ұлағатты ұстаздың үнемі ізденіс үстінде екендігін аңғартса керек.
Мақаламыздың басында Талғат Олжабайұлының бала кезінен ел тарихына қызығушылығы ерекше екендігін бекерден бекер тілге тиек етпеген едік. Мектеп қабырғасында еңбек ете жүріп, бертін білім шаңырағынан мұражай ашу ісін қолға алды. Еліміз өз тәуелсіздігін енді ғана алып, еңсемізді жаңа тіктеп жатқан тұста мектептен мұражай ашу оңай іс емес еді. Бірақ, Талғат Олжабайұлы оқушылар мен ата-аналардың, ұжымның көмегімен мектептен сол тарихи-этнографиялық мұражайды ашып, қуантты. Мұражай төрт бөлімнен тұрады. Онда жинақталған әртүрлі деректер, қазба жұмыстарының нәтижелері мұғалімнің қажырлы еңбегінің айғағы екені ақиқат.
Адамзат тарихының күретамыры мәдениет болса, мәдениеттің күретамыры адам баласының ақыл-ойымен және іс-әрекетімен дүниеге келген рухани және материалдық құндылықтар болса керек. Қай халықтың болмасын өзге ешбір халыққа  ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр-талайын айқындайтын осы жәдігерлер. Мұражайда аудан және мектеп басшылығы, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер қауымының қызу қолдауымен бағалы деректер жиналды. Газет қиындылары, қажетті құжаттар, көне жәдігерлер мен ескі фотосуреттер мұражай сөресінен берік орын алды. Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына орай, халқымыздың осы бір біртуар перзентіне арналған көрмелер де жаңартылды. Міне, осының бәрі Талғат Олжабайұлының ізденісті қадамын тағы бір таныта түсті.   

Эльмира ХАЛЕЛОВА,
М.Ғабдуллин атындағы орта мектептің директоры.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар