Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қос сала да табысты дамуда - АРҚА АЖАРЫ

Қос сала да табысты дамуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп,  сала жағдайын баяндап берді.

– «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарында алға қойылған 5 институционалды реформаның бірінде ауыл шаруашылығын дамыту жайы ерекше аталып өтті. Ел экономикасында елеулі орын алатын ауыл шаруашылығы саласын өркендету мемлекеттік маңызы бар мәселе ретінде қаралуы өте орынды. Сондай-ақ, мұның өзі ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деп сөзін бастаған басқарма басшысы аграрлық аймақ саналатын облыста ауыл шаруашылығы саласы жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқандығын нақты деректермен шегендеп айтып  өтті.
Биылғы жылы ауа райы онша қолайлы болмаса да диқандар қауымы үшін табысты болғандығы белгілі.
– Облыс бойынша 4,3 мың гектар егістік алқапқа дәнді және дәнді бұршақ дақылдары себіліп, 5,7 миллион тонна астық жиналды. Гектар берекесі 13,2 центнерден айналды. Жалпы өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1 миллион тоннаға көп, – деді бұл орайда  Мұрат Сағатұлы.
Ағымдағы жылы облыстағы егістік алқаптарда фитосанитарлық жағдай өте күрделі болды. Әсіресе, арамшөптермен бірге ауыл шаруашылығы дақылдары ауруымен және зиянкестермен күресуге айтарлықтай  көңіл бөлінді. Облыста жоспарланған егістік алқаптың 4,3 миллион гектары химиялық өңдеуден өтті. Осының арқасында облыс алыс-жақын шетелдерге 2 миллион тонна көлемінде астық экспорттай алады.
Шешеннің сөзіне қарағанда облыс мал тұқымын асылдандыру бағытында қолға алынған «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға да белсенді қатысуда.  Облыста 2010 жылдан бастап есептегенде асыл тұқымды ірі қара саны 64,3 мың басқа жеткен. Онымен Еңбекшілдер ауданындағы «Kazbeef LTD» ЖШС,  Қорғалжын ауданындағы «Агро Эксперт ЛТД» ЖШС, Атбасар ауданындағы «Бастау» ЖШС, Есіл ауданындағы «Заречное» ЖШС тәрізді 19 шаруашылық айналысады. Оған қоса, Ерейментау ауданында 3 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде.
– Өңірде ет және сүт өнімдерін өңдеу бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осының арқасында биылғы жылы барлығы 700 тонна ет өнімдерін экспорттауды жоспарласақ, осы күні оның 390 тоннасы Ресейге сатылды. Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуі аясында Ақмола облысы Елорданы ет және ет өнімдерімен 50 пайыз қамтамасыз етіп отыр, – деп сөзін қорытындылады Мұрат Балпан.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар