Аудан әкімі Аманбек Қалжанов Есіл қаласында жаңадан салынған көпқабат-ты тұрғын үйден жетім бала-ларға 15 пәтердің кілтін тапсырды.
Салтанатты шараға мекемелердің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, жұртшылық өкілдері қатысты.
Осы орайда, аудан әкімі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жаңа үйден баспаналы болып отырған жастарды құттықтап, оларға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, ол бұл ортақ игі іске облыс әкімінің қолдауының арқасында қол жеткізіліп отырғандығын атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.