Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кітаптары өмірінің жалғасындай - АРҚА АЖАРЫ

Кітаптары өмірінің жалғасындай

Таяуда Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі жазушы-журналист, марқұм Мәди Хасеновтың туғанына 80 жыл толуына орай әдеби-танымдық кеш өткізілді.

Әдеби кешті «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығы өткізді. Сөз арасында аталмыш орталықтың бұл алғашқы шарасы екендігін, алдағы уақытта өлкетану, экология және туристік сала бойынша жұмыс істеуді мақсат етіп отырғандығын айта кетуіміз керек. Жазушының бар ғұмырын, әдеби шығармасын қамтитын бейнефильм көрсетілді. Соңында әдеби мол мұра қалдырған Мәди Хасенов Зеренді ауданына қарасты Қошқарбай ауылында туған. Бар ғұмыры «Тың өлкесі», облыстық «Арқа ажары» газетінде өтіп, газет жұмысының күнделікті таусылып бітпейтін шаруасымен жүрсе де, жазушының қаламынан «Нар тәуекел», «Тайталас», «Берлинді алған батырлар», «Менің сырластарым», «Өмір өлмейді» тәрізді көптеген туындылар туған. Өзі көз жұмғаннан кейін жан жары Ақлима және балаларының күш-жігерімен «Қиянат» романы жарық көрген.
 Әдеби кешті Қазақстан Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Серік Жетпісқалиев ашып, жүргізіп отырды. Облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, ақын Қайырбай Төреғожа, журналист Балталы Сәрсенбаев, әдебиетші ғалым Сәбит Жәмбек, жазушымен бір ауданда туып-өскен, ертеректен сыйлас, дәмдес болған белгілі қаламгер Жанайдар Мусиннің  зайыбы Райхан Мусина, жиені Көшек Сәменов, ұлы
Алмас, немере інісі Қайыркен Хасеновтер өз сөздерінде қаламгердің жалғыз қалам қайраты ғана емес, азаматтық ажары, кісілік келбеті жайында кеңінен толғап, естелік айтты.  
Бойындағы жаратқан ие сыйлаған қабілет-қарымын сөз өнеріне арнаған жерлес жазушының соңында қалдырған мол мұрасы – әдеби шығармаларын оқи отырып, кешегі кеңес заманында орын алған кейбір келеңсіз құбылыстың әлі күнге дейін бар екендігіне қайран қаласың. Демек, көркем шығармада келісті кескінделген образдар адамдармен бірге жасамақ. Жақсысына сүйсініп, өз ісіне ынтық болып, тәнті еткендігі жүрегіңді тербетсе, жағымсыз жандардың бойындағы жаман ғадеттен жаның түршігеді. Демек, бұл бір күнге арналған шығарма емес. Бәлкім құндылығы да сонда.
Етек-жеңі жинақы, мазмұнды өткен кеште сабақталған салиқалы ойды жиналған жұрт, әсіресе, жастар жағы көкіректеріне қотара құйып алса, аз олжа емес. Әдебиет әлемді әдемі етпей ме?!.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар