Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал қыстатуға ойдағыдай кірісті - АРҚА АЖАРЫ

Мал қыстатуға ойдағыдай кірісті

Ауданда мал шаруашылығын дамытып отырған шаруашылықтардың бірі – «Шуйский-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мұнда 522 бас ірі қара мал, 321 жылқы қыстатылуда. Мал қолдан ұрықтандырылады. Қасапхана жұмыс істейді. Шаруашылықтың тауарлы-сүт кешеніндегі 250 бас сиырдан тәулігіне 2 тонна 700 литр сүт сауылады. Мұнда бірінші рет бұзаулаған голландтық асыл тұқымды сиырлар да бар. Сауыншылар Шынар Кузенко, Светлана Гала мен Оля Райланның ісі өнімді. Асыл тұқымды сауын сиырдан күніне 30-40 литр, жергілікті сиырдан 10-12 литр сүт сауылады.
Мол өнім алу үшін малдың азығы құнарлы болу керектігі белгілі. Пішендеме,
судан шөбі, жоңышқа, белоктық витамин, минералдық қоспа, күнбағыс шроты, бәрі арнайы қондырғыда араластырылып беріледі. Малдың азығы құнарлы болуына көп көңіл бөлінеді.
Биыл серіктестік 1800 тонна шөп, 2 мың тонна пішендеме, 1500 тонна концентраттық мал азығын дайындады. Мұнда жеті сауыншы жұмыс істейді. Озат сауыншыларға 35 асыл тұқымды, 50 жергілікті сиыр бөлініп берілген. Мал автоматты түрде сауылады. Сүт салқындатылған соң тасымалданады. Тазалық үшін бірнеше «Аристон» орнатылған. Төл бағатын жылы қора да қарастырылған. Осы орайда, шаруашылық малы қыстан қысылмайды деген сенім бар.
Боранбай КӨМЕКЕЙҰЛЫ.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар