Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Теңге – Тәуелсіздік нышаны - АРҚА АЖАРЫ

Теңге – Тәуелсіздік нышаны

Ел тәуелсіздігінің 25 жылында алған асуымыз аз емес. Соның бірі – жаңа қаржы жүйесі құрылды. Осы түбегейлі өзгерістердің арқасында бүгін қаржы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде.

 

Тәуелсіз Қазақстан тарихында ұлттық валютаның айналымға енгізілуі шын мәнінде бетбұрысты кезең болды. 1993 жылдың 15 қарашасында төл валюта – теңгенің айналымға енгізілуімен еліміз экономикалық және қаржылық тәуелсіздікке ие болды. Бүгінде теңгеміз жиырма үшке  толып отыр. Теңгенің бірыңғай қатары, ортақ тұжырымдамасы мен дизайны бар, оған көркемдік, сол сияқты технологиялық сипаттағы ұғымдар жатады. Осының арқасында теңге банкноттары мен монеталары түрлі халықаралық байқаулардың жүлдегері жəне жеңімпазы атанды. Осындай форумдарға қызығушылықпен қатысатын, сондай-ақ Ұлттық банктің дизайнерлерімен, технологтарымен бірлесіп жұмыс істейтін шетелдік мамандар қазақстандық əріптестерінің жұмысын, олардың жаңашылдыққа ұмтылысын, ақша белгілерін қорғау бойынша үздіксіз еңбегін жоғары бағалайды.

Мəселен, алғашқы награда Ұлттық банкке 2006 жылғы үлгідегі 10000 теңгелік банкнот үшін тапсырылды. Бұл «Currency Conference 2007» халықаралық валюта конференциясының «Ең үздік жаңа банкнот» аталымы бойынша да жеңіске жетті. 2012 жылғы сəуірде Халықаралық банкнот қоғамдастығының (IBNS) байқауында ел тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстанның номиналды 10000 теңгелік банкноты ең үздік болып танылды. Содан соң «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнот өз наградасын алды. 2014 жылғы мамырда оны Халықаралық банкнот қоғамдастығы «2013 жылғы ең үздік банкнот» аталымында атап өтті. 2015 жылғы 1 желтоқсанда айналымға шыққан номиналы 20000 теңгелік банкнот та халықаралық сарапшылардың ризашылығын алған болатын. 2016 жылғы наурызда «High Security Printing Europe» (Бухарест) конференциясында ол 2015 жылғы ең үздік өңірлік банкнот болып танылды. Ал, 2016 жылғы мамырда Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен «Banknote-2016» халықаралық конференциясында «Валюта индустриясындағы ең үздік техникалық жетістіктер» (IACA Excellence in Currency Awards) аталымы бойынша ақтық сынға шыққан үш банкноттың қатарына енді. Бүгінгі күндері қазақстандық банкноттарды халықаралық сарапшылар əлемдегі ең үздік қорғалған банкноттар ретінде бағалауда. Осындай форумдарға қызығушылықпен қатысатын, сондай-ақ, Ұлттық банктің дизайнерлерімен, технологтарымен бірлесіп жұмыс істейтін шетелдік мамандар қазақстандық əріптестерінің жұмысын, олардың жаңашылдыққа ұмтылысын, ақша белгілерін қорғау бойынша үздіксіз еңбегін жоғары бағалайды.
Бүгінгі күні монеталардың алтыннан 49 түрі, күмістен 187 түрі, нейзильбер қоспасынан 102 түрі жəне нейзильбер қоспасы мен нибрасс қоспасынан 5 биколорлы түрі шығарылды. Коллекциялық монеталарды Ұлттық банк 1995 жылдан бері шығарып келеді. Қазақстандық монеталар «Vicenza Numismatica» (Италия), «Монета жұлдыздары» (Ресей), «Krause Publications» (Германия), Монета сарайлары директорларының конференциясы (Австралия, Мексика) сияқты беделді халықаралық байқауларда 20 аталым бойынша наградаға ие болды.
Сонымен қатар, еліміздің экономикасында теңгемен активтердің және депозиттердің долларлануының төмендеуіне деген сенімнің қалпына келуінің жағымды үрдістері байқалды. Халықтың және кәсіпорындардың валютаға басымдық беруі өзгеруде, теңгемен салымдардың үдемелі өсуі байқалуда. Бұған көбіне Ұлттық банктің теңгемен құралдар тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары ықпал етті. Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер 2016 жылғы ақпанда 10 пайыздан 14 пайызға дейін көтерілді және шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелер 3-тен 2 пайызға дейін төмендетілді.
2016 жылғы 1-ші қазандағы жағдай бо-
йынша облыс банктеріндегі депозиттерінің жалпы көлемі 111 миллиард теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,1 пайызға артты. Бұл жағдайда жеке тұлғалардың депозиттік үлесі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға өсті. Депозиттердің жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың депозиттік үлесі 85,9 пайызды құрайды. Ұлттық валютамен салынған депозиттер 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,3 пайызға немесе 62,3 миллиард теңгеге дейін өсті, шетел валютасымен депозиттер 1,5 пайызға өсіп, 48,8 миллиард теңгені құрады. Депозиттердің жалпы сомасында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 56,1 пайызға жетті. Банктердің кредиттік белсенділігі әзірше ұстамды, осылайша 2016 жылғы
1 қазандағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 165 миллиард теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9 пайызға аз болды.
Шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандыру және баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мұндай қарыздар бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілігіне талаптар төмендетілді, сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың ірі бағдарламалары жүзеге асырылуда. 2016 жылғы 1 қазанға шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу мөлшері 35,7 миллиард теңгені құрап, 2016 жылдың 9 айында 12,9 миллиард теңге несие берілді. Биыл Ұлттық банк басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі №69 қаулысымен бекітілген ипотекалық тұрғын үй ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы өзінің жұмысын іске асыра бастады. Бағдарламаға 2004-2009 жылдары 20 жылға 3 пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 130 миллиард теңге бөлінген.
Ақмола облысы бойынша 2016 жылғы 1 қарашаға ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2,2 миллиард теңге сомаға 573 өтініш берілді, оның ішінде 1,7 миллиард теңгеге 433 өтініш мақұлданып, 1,2 миллиард теңгенің 387 өтініші қайта қаржыландырылды. Бұл қарызды қайтару мерзімін ұзарту, пайыздық мөлшерлемені азайту және кредитті теңгеге ауыстыру арқылы халықтың ипотекалық кредиттерін төлеуін едәуір жеңілдетті. Сонымен қатар, халықты қолдау бойынша шаралардың бірі жеке тұлғалардың жедел салымдары бойынша бағамдық айырма өтемақысын төлеу болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тетігін іске асыру шеңберінде бірінші траншты төледі. Бірінші транш бо-йынша өтемақы төлеу мөлшері шамамен 36 миллиард теңгені құрады. Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бо-йынша өтемақының екінші траншы 2016 жылғы 10 қарашаға дейін төленді және үшінші транш 2016 жылғы 10 желтоқсанға дейін төленеді. Осылайша қаржы жүйесі тұрақты экономикалық өсімге бағытталған және еліміздің стратегиялық мақсаттарына жетуге жәрдемдеседі деген тұжырым жасауға болады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қаржы жүйесінің барлық қызметкерлерін Қаржыгерлер күнімен және ұлттық валюта – теңгенің енгізілген күнімен шын жүректен құттықтаймын. Өткен жылдарда Қазақстанның банк жүйесі терең реформалар мен қайта құрулардан өтіп, елеулі табыстарға жетті және халықаралық қаржы ұйымдары мен тәуелсіз экономикалық сарапшылардың оң бағасын алды.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу, даму және табыс жолының ерекшелігі – ол осы уақытқа дейін жеткен жетістіктер бірінші кезекте барлық алдыңғы қатарлы мамандардың сіңірген еңбегі. Осы тиімді сәтті пайдалана отырып, әріптестерімді құттықтаймын. Отбастарыңызға бақыт, еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңізге табыс тілеп, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын дегім келеді.

Бектұрған БОЗТЕРИЕВ,
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі»
Ақмола филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар