Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айыппұл салып барып, айылдарын жиды - АРҚА АЖАРЫ

Айыппұл салып барып, айылдарын жиды

Жер – біздің басты байлығымыз. Олай дейтініміз, ел экономикасының дамуы, шаруашылықты жүргізіп, мол өнім алу, тіпті, болашағымыз да осы жермен тікелей байланысты. 

Демек, жерді қорғау, оны барынша тиімді пайдаланып, сақтау – әр адамның міндеті болуы тиіс. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде осыған қатысты проблема өте көп.
Сондықтан, осынау байлығымызды қорғау қажет. Қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде жерді қорғау шарасына жерді тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы айналымдағы жерлерді заңсыз тартып алуға жол бермеуге, сондай-ақ, топырақтың құнарлығын арттыру және қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелер кіреді. Алайда, жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы бірдей жерді қорғау шаралары мен жер заңнамасын сақтай бермейді.
Мәселен, облыстық жердің пайдаланылуын және қорғалуын бақылау басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері жер қойнауын пайдалану субъектілеріне қатысты 11 жоспарлы тексеріс жүргізілген. Соның нәтижесінде аталған жер қойнауын пайдалану субъектілері тарапынан жер заңнамасының тоғыз рет бұзылғаны анықталды.
Целиноград ауданы аумағындағы жер телім-дерінде сәйкестендіру және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс жүргізген үш   жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 бабы бо-йынша жауапкершілікке тартылып, 636,3 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, жердің құнарлы қабатын заңсыз қопарған екі  жер қойнауын пайдаланушы 127,2 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Оған қоса, жер телімінің белгіленген шекарасын сақтамаған екі жер қойнауын пайдаланушыға 42,4 мың теңге, тағы екі субъектіге жер телімін ұтымды пайдаланбағаны үшін 42,4 мың теңге көлемде  айыппұл салынды.
Заңда белгіленген аз айыппұл ендігі арада жердің тиімді пайдаланылуына игі ықпалын тигізсе жақсы болар еді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар