Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Белгілі журналист-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жерлесіміз Мәди Хасеновтың туғанына 80 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Белгілі журналист-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жерлесіміз Мәди Хасеновтың туғанына 80 жыл

Мәди Хасенұлы Хасенов 1936 жылы Зеренді ауданы, Қошқарбай ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Көкшетау педагогикалық училищесін тәмамдап, Зеренді ауданындағы Үлгілі бастауыш мектебінде бір жыл мұғалім болып істеген. 1955-1961 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімінде оқиды. Университетті бітірген соң «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, кейін «Тың өлкесі» газетінде тілші, одан әрі облыстық «Коммунизм нұры» (қазіргі «Арқа ажары») газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.  
Журналистикамен бірге көркем әдебиетке де қалам тартқан Мәди Хасеновтың алғашқы әңгімелер жинағы «Алғашқы ән» деген атпен 1969 жылы жарық көрді. Одан кейінгі жылдарда  «Тұлпардың дүбірі», «Қайсар», «Тайталас», «Қайнар бұлақ»  атты кітаптары мен «Нартәуекел» романы, «Берлинді алған батырлар» очерктер жинағы баспадан шықты.  Қайтыс болғаннан кейін «Қиянат» романы оқырмандар қолына тиді.
Әр жылдары жазушының қазақ әдебиеті мен баспасөзіне сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды және «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағына ие болды.
Небары 56 жасында өмірден өткен журналист-жазушының артында мол әдеби мұрасы қалды. Бұл күнде қаламгердің есімі осы туындыларымен бірге жасауда. Өзі туып-өскен Қошқарбай ауылының мектебіне Мәди Хасеновтың есімі берілген. Сондай-ақ, Астанадағы тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар