Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғаммен байланыс шешуші орын алады - АРҚА АЖАРЫ

Қоғаммен байланыс шешуші орын алады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыс өңірінде осы бағытта жүргізіліп отырған  профилактикалық іс-шаралардың жай-күйінен әрқашан хабардар болып отырады.

Қазіргі таңда біз тек осындай іс-шараларды өткізумен ғана қол қусырып отырмаймыз. Заман ағысы нақты нәтижені талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған саясаттың нәтижелілігін, профилактикалық іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету барысында осыған әзірлік деңгейіне ерекше назар аударылады.
Жүргізіліп отырған жұмыстың нәтижелеріне келмек болсақ, ақмолалықтардың сыбайлас жемқорлықтың не екенін және оның негізгі белгілері туралы білетіндігін, облыс тұрғындарының басым бөлігінің аталған салада жүргізіліп отырған жұмысқа оң баға беретіндігін атап өту қажет. Бұған дәлел ретінде  облыс тұрғындарымен   жүргізілетін сауалнамаларды атауға болады.  Сауалнамаға қатысушылардың облыс өңірінде жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты алу көздерін де анықтай түстік. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта осы жағын одан әрі бір жүйеге келтіре түсуге мүмкіндік береді.
«Мұның маған қатысы жоқ» стереотипінің маңыздылығы жойылды. Қазіргі таңда  сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда облыс тұрғындары құқық қорғау органдарына жүгініп, сенім телефонына хабарласа алады.
Бұл – өңір тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымының көрсеткіші десек артық емес. Мұның өзі департаменттің  жедел ықпал етуіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болу себептері мен жағдайларын жоюға және оны барынша азайтуға, сөйтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты сапалы түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілерімен бетпе-бет келген азаматтар Call – орталықтың 1424 телефонына, мемлекеттік қызметті атқару бағыты бойынша 87162-40-27-98, ал, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша  87162-40-28-66  телефондарына хабарласа алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегия-сында да, сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңда да  барлық  азаматтық қоғам институттары, еліміздің барша азаматтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері ретінде айқындалған.
 Уақыт бір орында тұрмайды. Бүгінгі таңда тек  іс-шаралар өткізумен шектелудің берері шамалы. Сондықтан, бұл орайда жұртшылықты нақты іске тарту, қоғамда осы тұрғыда белсенді азаматтық көзқарас ұстанушыларды ынталандыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру бүгінгі күннің басты міндеттері болып табылады. Бұл мәселеде ақмолалықтар өздерін жақсы жағынан көрсете түсетініне сенім мол.

Ерлаз ЖАЙЫҚБАЕВ,  
Ақмола облысы бойынша
 мемлекеттік қызмет істері
департаменті басшысы
орынбасарының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар