Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Теңге – тәуелсіздігіміздің бір нышаны - АРҚА АЖАРЫ

Теңге – тәуелсіздігіміздің бір нышаны

Облыс әкімі Сергей Кулагин қаржы саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, өз міндеттерін адал орындаған бір топ қаржыгерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

– Толыққанды тәуелсіз ел болу үшін өз елтаңбасы, туы, бекітілген шекарасы және ұлттық валютасы болуы шарт. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетімізде тәуелсіздік нышандары саналатын осы белгілердің бәрі бар, – дей келе, облыс басшысы ұлттық валютамыз алғаш енгізілген жылдардағы қиындықтарға тоқталды. Дүкен сөрелері қаңырап босап қалған, зейнетақы мен жалақы уақытында берілмейтін, инфляция деңгейі  ай сайын жүздеген пайызбен өлшенетін сол тұста  Мемлекет басшысы үлкен жауапкершілікпен жоспарлы экономикадан нарыққа көшуге бағытталған реформаларды қолға алған еді. Бүгінде жемісін көріп отырған бұл қайта құруларды жүзеге асыруда қаржы-банк жүйесінің тигізген  ықпалы да аз болмаған.
Экономиканың күретамыры саналатын нарыққа тез бейімделген қаржы-банк саласы  бүгінде қарыштап дамып, өздеріне жүктелген ауыр да жауапты міндетті абыроймен орындап отыр. Қазақстан Респуб-ликасы Ұлттық Банкінің Ақмола облыстық филиалының  директоры Бектұрған Бозтериев атқарылып жатқан жұмыстары жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Әңгімесін төл теңгеміздің енгізілген кезінен бастаған ол ұлттық валютамыздың даму, өсу жолын кеңінен баяндады. Теңге үш жыл қатарынан әлем елдері арасында дизайны мен қауіпсіздік белгілері жағынан үздіктер қатарынан көрініп, марапатталыпты. Түрлі тарихи атаулы күндерге байланысты мерекелік монеталар шығару берік дәстүрге айналған. Еркін ағымға шығарылған ұлттық валютамыз өзінің тұрақтылығы мен құндылығын сақтап, еліміздің ақша нарығындағы айрықша орнын айқындады. Осыған орай, теңгеге деген қызығушылық та арта түскендей. Осының айғағы ретінде Ұлттық Банк филиалының директоры облысымыздағы теңгемен салынған депозит көлемінің 111 миллиард теңгеге жеткендігін алға тартты. Депозиттегі жеке салымшылардың үлесі 86 пайыз болып отыр. Мұның өзі халықтың теңгеге деген сенімінің артқандығын ғана емес, адамдардың әл-ауқатының жақсара түскенін де көрсетеді.
Кездесу соңында облыс басшысы бір топ қаржы-банк саласы қызметкерлеріне Алғыс хат тапсырды. Марапатталғандардың арасында облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы Сәуле Оспанова, қазынашылық департаментінің бөлім басшысы
Оксана Селедкина, мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім басшысы Айбек Мұхамедқалиев, осы департаменттің бас маманы Гүлнәр Иманбаева және басқалары бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар