Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс қорытындыланып, мақсат нақтыланды - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс қорытындыланып, мақсат нақтыланды

«Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалдарында кезекті есеп беру-сайлау конференциялары болып өтті. Бұланды, Ерейментау, Сандықтау, Целиноград  аудандары мен Степногорск қаласында өткен аумақтық филиалдардың есептік-сайлау конференцияларына «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысып, партия ұйымдарының белсенділерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Есеп беру-сайлау конференцияларында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалдарының саяси кеңесі және саяси бюросының 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы жылға арналған мақсат-міндеттері туралы аудан басшылары, яғни, аудандық партия филиалы төрағаларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, жұмыс барысында партияның аумақтық филиалының саяси кеңес мүшелері сайланды. Сондай-ақ, облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Сергей Кулагиннің ұсынысы бойынша аудан басшылары аудандық партия филиалының төрағалары болып сайланды. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ХХVІ конференциясына аудан атынан қатысатын делегаттар анықталды.  
Аршалы ауданында бүгінде құрамында 2132 адам бар 15 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді. Сол сияқты Астрахан ауданында өткен есептік-сайлау кеңесінде ауданның 13 делегаты облыстық конференцияға қатысатындығы белгілі болды.  Атбасар ауданында партияның саяси кеңесіне жаңадан 23 адам сайланды. Партияның үздіктері мен белсенділеріне облыс әкімі мен аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табысталды.
Бұланды ауданы бойынша партия филиалының қабылдауына екі жыл ішінде 193 өтінім түсіп, оның 99-ы оң шешімін тапқаны анықталды. Ерейментау ауданы да партияның жобаларын жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. Атап айтқанда, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында мұнда ардагерлер кеңесі мен депутаттар бірлесе отырып, тыл еңбеккерлері мен бірқатар еңбек ардагерлеріне қайырымдылық шараларын ұйымдастырған. Осындай қайырымдылық іс-шараларын өткізу барысында мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылар да назардан тыс қалмаған.
Ал, Зеренді ауданы бойынша партия филиалының саяси кеңесінің жұмысы қанағаттанарлық деп танылып, нәтижесінде жаңа сайланған делегаттардың бірінші кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету қоғамдық кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының құрамы бекітілді. Қорғалжын ауданында өткен есептік-сайлау конференциясының соңында партия қатарына жаңадан өтіп жатқан азаматтарға партия билеттері салтанатты түрде табыс етілді.
Биылғы жылдың 9 айында Сандықтау ауданында  партия филиалының қоғамдық қабылдауына 278 өтініш келіп түскен. Сонымен қатар, биылғы оқу жылының басында партия тарапынан 240 оқушыға 4 миллион теңге көлемінде көмек көрсетіліпті.  
Степногорск қаласында өткен конференцияда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қала тұрғындары мен партия мүшелерін алда келе жатқан  ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтап,  Елбасының мемлекетті дамытуға қосқан зор үлесі мен оның биік тұлғасы туралы айтып өтті.  Сонымен қатар, Целиноград ауданының әкімі М.Тәткенов 14 адамды Алғыс хатпен марапаттады.
Қараша айының 18-і күні «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының ХХVІ есептік-сайлау конференциясына аудандарда сайланған делегаттар келіп қатысатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар