Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
20 қараша – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні - АРҚА АЖАРЫ

20 қараша – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

Құрметті ауыл еңбеккерлері, ауыл шаруашылығы қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы саласы бүгінде шын мәнінде ел экономикасы дамуының локомотивтерінің бірі. Сіздер еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосып отырған үлестеріңізбен мақтана аласыздар.
Диқандардың, малшылардың, қайта өңдеуші кәсіпорындардың қызметкерлерінің жанқиярлық еңбектерінің арқасында Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешені ұдайы дамудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуде. Мұндай толымды нәтижелерге жерге деген, өз ісіне деген сүйіспеншіліксіз қол жеткізу мүмкін емес. Өңірімізде жаңа технологияларды енгізу есебінен жыл сайын дәнді дақылдардың шығымдылығы артуда, бұл биылғы жылы 5,7 миллион тонна астық жинап алуға мүмкіндік берді. Картоптың рекордтық өнімі облысымыз бен астанамыздың тұтынушыларын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорт қарқынының артуына да ықпал етті.
Бізде 30 мамандандырылған репродукторлы шаруашылықтар жұмыс істейді, соның ішінде 23 кәсіпорын етті және сүтті бағыттағы әлемнің үздік тұқымдарының жоғары өнімді малдарын өсірумен айналысады.
Республикамызда малды бордақылаудың мейлінше жоғары әлеуеті бар. Өңірімізде бір мезгілде 27 мың бас ірі қара малды күтіп ұстайтын 31 бордақылау алаңы бар.
Соңғы бес жылдың ішінде Астана қаласын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету екі есеге өсті. Бүгінде облысымыз Елорданы ұнмен, жұмыртқамен және картоппен 100 пайыз, ет өнімдерімен 52 пайыз және сүт өнімдерімен 50 пайыз қамтамасыз етуде.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысын «әлемдік маңызы бар астықты өңірлердің бірі» деп атаған болатын. Елбасының берген жоғары бағасы зор жауапкершілік жүктейді,  біз енді әрі қарай да Отанымыздың игілігі жолында сапалы еңбек етуіміз қажет.
Қымбатты агроөнеркәсіп кешенінің еңбеккерлері!
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін жылы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай менің шынайы тілегімді қабыл алыңыздар!
Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен өз кәсіптеріңізге адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Тәжірибелеріңіз бен кәсібиліктеріңізден өріс алған ауыл шаруашылығының инновациялық дамуы Қазақстанға толайым табыстар әкелеріне сенімдімін.
Сіздерге зор денсаулық, жақсылық, әрбір қазақстандық отбасы игілігін арттыру жолындағы еңбектеріңізге табыстар тілеймін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.             

 

 

 

Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Әр жыл сайын саланың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге сіздердің ерен еңбектеріңіз, қажыр-қайраттарыңыз себепші болып жатыр. Ең алдымен, туған жердің төсін түлетуге деген ынта-ықылас пен өздеріңіз таңдап алған кәсіптеріңізге шынайы адалдықтарыңыздың арқасында салаға серпін беріп, өлкенің өңін жақсартып келе жатырсыздар.
Табиғаттың қолайсыздығына қарамастан, әр жыл сайын облыс диқандары өнім көлемін ұлғайта түсуде. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ерен еңбектерінің нәтижесінде аграрлық аймақтың әлеуеті артып келеді. Осының арқасында ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы да жақсаруда.
Бүгінгі күні сіздердің шешуші шақта уақытпен санаспай қарқынды да қажырлы еңбек етіп, табысымызды ұлғайтып, берекемізді арттырып отырған ерліктеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңіздің жемісін көруге тілектеспін. Әрдайым ел игілігі үшін атқарып жатқан көл-көсір жұмыстарыңыз жемісті болуға жазсын.
Дулат НҰРМОЛДИН,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар