Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқтың арбауына түспеймін десеңіз - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқтың арбауына түспеймін десеңіз

 

Қазіргі нарық жағдайында баспаналы болу көп адамдардың, әсіресе жас отбасылардың үлкен арманы болып отырғаны жасырын емес. Осыған орай, әркім өз мүмкіндіктеріне қарай баспаналы болудың амал-тәсілдерін қарастырады. Жинаған қаржысы бар азаматтардың көбі жаңадан салынып жатқан үйлерге үлескер ретінде кіріп, қысқа мерзім ішінде үйлі болып жатады. Мұның бір артықшылығы, сіз қолыңызда бар ақшаңызды беріп, үлескер боласыз да, содан кейін  үй салынып біткенше қалған соманы бөліп-бөліп төлеуіңізге болады.

 

Десек те, бұл тәсілдің көптеген қауіпті тұстары бар. Оның қауіпті болатын себебі,  оңай жолмен ақша табуға құныққан алаяқ фирмалардың арбауына түсіп қалуыңыз әбден мүмкін. Өкінішке орай, осындай алаяқ компаниялардың қармағына түсіп, ақшасынан бір, баспаналы боламын деген үмітінен екі айырылып, сан соғып жатқандар аз емес. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының биылғы жылдың үшінші тоқсанында жүзеге асыруды бастаған «Алдаусыз үлескерлік баспана» атты жаңа жобасының маңызы зор.
Аталмыш жобаның аясында үлескерлік арқылы баспаналы болуға байланысты құқықтық  түсінік жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Басты мақсат осылайша адамдарды алаяқтардың қармағына түсуден сақтандыру, оның қаншалықты зардабы болатынын түсіндіру болып табылады. Егер сіз жинаған ақшаңызды салып үлескерлік жоба аясында баспаналы болғыңыз келсе мына шарттарды есіңізде ұстаңыз:
– Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлескер ретінде қатысу туралы» заңының нормаларына сай келмейтін инвестиция салу, алдын ала сату және сатып алу түріндегі шарттардың бәрі  жарамсыз болып саналады.
– Аталмыш заң бойынша  тұрғын үй құрылысына үлескер ретінде қатысу мынадай шарттар бойынша жасалуы тиіс: кепілдік қорының берген  кепілдігінің болуы, жобаға екінші деңгейлі банктердің қатысуы, тұрғын үйдің қабырғасы тұрғызылған соң ғана мердігер үлескерлердің қаржысын тартуы-на болады.
Жоғарыда аталған шарттардың бірі немесе бәрі сақталмаған жағдайда мұндай құрылысқа үлескер ретінде қатысуға болмайды. Заңда тұрғын үй құрылысына үлескерлерді тартудағы өкілетті органдардың құзыреті нақтыланған. Осыған орай, үлескерлік арқылы салынатын тұрғын үйге үлескерлердің қаржысын тарту үшін өкілетті  мемлекеттік органдардың рұқсат қағазының болуы міндетті. Мұндай құжаттардың қатарында үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсат, тұрғын үй құрылысына үлескер ретінде қатысу жөніндегі келісім-шарт сияқты құжаттар бар.
Мынаны естен шығаруға болмайды:
– Егер сізге әлі салынбаған үй үшін үлескер болып кіруді сұраса, мұндай жағдайда сіз алаяқтың арбауына түсіп, ақшаңыздан айырылу қаупіне ұшырайтыныңыз анық, сондай-ақ, қажетті құжаттар әлі дайын емес деп немесе басқа да сылтаулармен тиісті құжаттарды көрсетпесе, оның ақыры сіз үшін алаяқтың құрығына түсумен аяқталу мүмкін, егер сізге тиісті құжаттар толық көлемінде берілмесе, онда сотқа  шағымданып, сот шешімі арқылы әлгі компанияның үлескерлік жөніндегі шартының негізсіз екендігіне қол жеткізуіңізге болады.
Үлескер ретінде тұрғын үй құрылысына қатысып, алаяқтардың қармағына түскен азаматтардың жайы бұл мәселені өзекті ете түсті. Осыған байланысты азаматтардың  мүддесін қорғау үшін мемлекет барлық жағдайды жасайтын болады. Әрбір азамат жинаған қаржысын үлескер ретінде салу арқылы баспаналы болатынына нық сенімді болуы тиіс. Бас прокуратураның қолға алған жоғарыда аталған жобасының осы орайда мәні зор.
Сіз әрдайым мына жайды есіңізден шығармаңыз, қандай жағдайда да сізде таңдау еркі болады.
Жақсылық АЗИБАЕВ,
облыстық прокуратураның 1-ші басқармасының аға прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар