Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар зұлымдық көрмесінші!.. - АРҚА АЖАРЫ

Балалар зұлымдық көрмесінші!..

немесе тастанды балалар мен тасбауыр аналар хақында

 

Қыздың жасауындай көз суыратын көркем табиғаты бар Көкшетау жеріне гастрольдік сапармен Алматы қаласынан «Алматы-Мusic» театрының әртістері келіп, «Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында  Тасболат Омаровтың  «Жазығым не менің, МАМА?..» қойылымын сахналап, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.

 

Өнер ұжымын Көкшетауға арнайы шақырған «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы қоғамдық қоры мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің басшылығы екен. Қашанда жақсы істің басында жүретін, хас таланттыларды қолдап олардың өрісін өркендетуге барынша көмек-қолдау көрсетуді азаматтық парызы санайтын Құралай Ыдырысова мен жас та болса ұрпақ қамына алаңдаушылық білдіріп жүрген Берік Рақышевтың еңбегін атап өтсек артық болмас.  Алматыдан келген театр қойған қойылымды жастар жақсы қабылдады. Замана шеріне айналған тастанды балалар мәселесі кім-кімнің болмасын жүрегін толғандырып, жанын ауыртқан қоғам дерті екендігі даусыз.  
Аталмыш театрдың көркемдік жетекшісі, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының аға оқытушысы, доцент, режиссер Тасболат Омаровтың айтуынша гастрольдік сапардың мақсаты тарихы мен тағдыры сабақтас Алматы мен Көкшетаудың  арасында жалғасқан өнер көпірін нығайта түсу болып табылады.
– Қасиетті Көкшетауға арнайы ат басын бұрып осындағы талғамы биік көрерменмен жүздесу біз үшін зор құрмет. Театр ұжымының алға қойған мақсаттары көп.  Бұл жас театр. Бірақ, өнерімізді бағалап, сонау жерден арнайы шақырып, аталмыш қойылымды сахналау үшін бар жағдайды жасап баққан жоғарыда есімдері аталған қос ұжымның басшыларына алғыс айтамын. Аталмыш қойылымды ел алдына алып шыққандағы біздегі мақсат қазіргі таңда өзекті болып кеткен тастанды балалар мәселесіне қоғамның назарын аудару,– деп ойын сабақтайды театрдың көркемдік жетекшісі Тасболат Омаров. – Қазіргі адамдар жаңалықтың көбін ғаламтордан білетін болды. Бірде ғаламтор бетінен жеті жасар баланың жанайқайын оқыдым. Онда ол туған анасынан жәбір көретінін оның ана махаббатын көрмей өсіп жатқандығын жазыпты. Анасы өлімші қылып сабап, ұрып-соғып, күнде таяққа жығады екен. Осыны оқып жағамды ұстадым. Жүрегімді толқытқан осы мәселе көпке дейін көкейімде жүрді. Содан бұл тақырыпты кеңінен зерттей бастадым. Сөйтсем, неше түрлі сұмдықтар бар екен. Біреуі баласын қоқысқа лақтырса, енді бірі жетімдер үйіне тоғытып әлек. Бала анадан безген бұл не қылған безбүйрек заман болды? – деп ойын ортаға салды режиссер.
Облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында сахналық катарсис екі күн бойы көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы күндері қойылымды бес мыңға жуық адам тамашалаған. Біз де Тасболат Омаровтың «Жазығым не менің, МАМА?..»  спектаклін тамашалап, алған әсерлерімізбен бөлісуді жөн санадық.
Бізді бір қуантқаны аталмыш қойылымды көруге жастар көптеп келіпті. Режиссердің балалар алдындағы ата-ана жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін ашуға жасаған талпынысы өте сәтті шешімін тапқан. Бірнеше монологтан құралып, әр монолог әнмен қоса өріліп отыратын бұл сахналық туынды біртұтас дүниеге айналған. Әр монолог сайын балалар өміріндегі қасірет сипатталып, адам баласының қолымен жасалатын қатыгездіктер бейнеленді. Түрлі шырғалаңнан тұратын ситуациялардан құралған қойылымды көрермен бір демде тамашалады.
Біздің түсінігімізде ана деген ұлылық. Ал, бірақ бүгінгі қоғамда (бұған дейін мұндай сұмдықты естіген емеспіз!) жүрегіне жалғасқан періштені өз қолымен құрбан қылған адамды Ана деуге келе ме? Ол қаскүнем тасбауыр! Оларды Ана демеңдер! Періштеге сәбиді бекер баламаса керек. Балаң көңілден анасын түсінуге тырысқан, һәм соны ойлап тебірене сөйлеген, кешірілмейтін күнәсін жуып-шайған бала көңілі залда отырғандардың көзіне жас үйіртті.
«Менмендіктің» жылтыр шекпенін киіп, есіріп жүріп, есі кетіп, шаттыққа толы шаңырағына қайғының қара бұлтын жапқан жеңілтек ойдың жетегінде жүрген қыз-келіншектер бүгінгі қоғамда да кездеседі. Болмашы дүниеге қызығып, өмірдегі баға жетпес байлық отбасы дейтін қазынаны құрдымға жіберіп, кейін өзін де, туғандарын да өшпес өкінішке тап қылдырған сол шерменділердің жанаярлық күйін бейнелейтін  «Жазығым не менің, МАМА?..» қойылымы тіршіліктің өзінен ойып алынған өмір шындығы да болуы мүмкін. Бірақ, ана мен бала арасындағы сезімге селкеу түсіріп, соншалық тұрпайыландырып көрсету көрерменге жақсы әсер берді деудің өзі қиын. Мәселен, «Диагноздағы» баланың монологынан  анасы «жаман диагнозға» шалдыққан баласын өзі өлтіріп, оның мүрдесін бөлшектеп, қоқысқа лақтырып тастауы, әкесінің баласы тыңдамағаны үшін кішкентай саусақтарын шауып тастауы, баласын тірідей жанып тұрған пешке лақтырып жіберіп асқан жауыздықпен жазым қылуы осындай әрекеттерді бүге-шігесіне дейін тізіп суреттеп, әшкерелеу өскелең ұрпақтың санасына қалай әсер етеді екен, кім білсін?!
Бір айта кетерлігі қойылым барысында баланың анаға деген махаббаты,  ананың аппақ періште бейнесіне қара күйе жаққысы келмейтін бала көңілі жақсы берілген.  «Кінәсіз тек періштелер ғой…», – деп анасын жақтап, бала рухына жан бітіп сөйлеген сәтте залда отырған көрермендер де көзіне жас алғанын байқадық.
Отбасын, өмірдегі бар қасиетті құндылықты тәрк етіп, тіпті, қылмысқа да баратын қаны бұзылған, өзі де нәпсі мен бейопа тірлікке байланған екіжүзді ересек адамдардың  құрбанына айналған балалар болғанын қаламаймыз. Әлемдегі әсемдік пен сұлулық – әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алған деген даналық сөз бар қазақта. Расында да, адамзат өмірінің іргетасы саналатын әйел мен ана бейнесіне бүгінде селкеу түсіп жатқандығы өтірік емес. Бұл дерт ұлт таңдамай қоғамның жалпақ қасіретіне айналуда. Тасболат Омаров осы бір кейіпкерлердің өмірі арқылы отбасы деген ұғымның киесін түсіндіруге тырысқан. Сондықтан, бұл шығарма адалдық пен арамдық, сауаттылық пен надандық, сыйластық пен түсінбеушілік, адамгершілік пен пасықтық сияқты  адам бойындағы ізгі қасиеттер мен кемшіліктер арасындағы тартысымен құнды.
Ең бастысы, жалғанда бала жүрегі жыламасыншы. Ел аман, жұрт тынышта тастанды бала, тасбауыр ана, қайырымсыз әке болмауы тиіс! Себебі, біз қазақ дейтін ұлы халықтың ұрпағымыз. Осыны әркім естен шығармаса абзал.

Ұлмекен Шаменова, Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар