Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кітапхана қызметін әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету» атты тақырыпта облыстық семинар болып өтті.
Аталмыш іс-шараға Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалар жұмысы бойынша орынбасары Ажар Юсупова мен облыс аудандарынан жиналған кітапханашылар қатысты.
Семинардың мақсаты орталықтан-дырылған кітапхана жүйесі әдіскерлерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау болып табылады. Отырысты облыстық кітапхананың директоры Жансұлу Мұқатаева ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ажар Юсупова сөз кезегінде Ұлттық кітапхананың жұмысымен жақынырақ таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, алдағы уақытта кітапханашылардың ақын-жазушылардың әдеби шығармаларын көпшілікке
насихаттау жұмысын жақсарта түсу керектігін баса айтты. Бұдан әрі жиынға қатысушылар мамандарға сауалдар қойып, өзара пікір алмасты.
Назгүл РАБИЛОВА.