Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 101 жыл толуына орай, батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шараның мақсаты – жастарды отаншылдыққа тәрбиелей отырып тәуелсіздігіміздің тарихы мен мәдениетін қадірлей білуге бағытталған. Салтанатты жиында Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек батырдың ерлікке толы ғұмыры жайында айтып, Отан үшін от кешкен жандарды дәріптеу әр азаматтың борышы екендігін атап өтті.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл Отанымызға қауіп төнген қиын сәтте патриот екенін сөзбен емес, ісімен дәлелдеген тұлғаның ерлігін өскелең ұрпаққа ұлағат ету адамдық борышымыз екендігін айтты.
Назгүл РАБИЛОВА.