Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Келелі мәселелер қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Келелі мәселелер қаралды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің мәжілісінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының он айдағы нәтижесі сарапқа салынды.

Мәжіліс облыс әкімінің үш мемлекеттік қызметкерді таныстырумен басталды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америкада оқуын тәмамдап келген Асхат Қайнарбеков облыс әкімінің орынбасары қызметіне кірісті. Ол кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларына жетекшілік жасайтын болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып Шыңғыс Қабдолла, Қазақстан Респуб-ликасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бо-йынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып Берген Беспалинов тағайындалды.  
Алдымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылдың он айының қорытындылары туралы» баяндама жасады. Шешен өз сөзінде қол жеткен табыстар мен іркілістерді де атап айтты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 326,2 миллиард теңгені құраған. Есепті кезең ішінде «ЕПК Степногорск», «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамдары өнім өндіру көлемін молайтса, өкінішке орай, «Қамқор-Локомотив», «Вектор» комбайн зауыты» серіктестіктерінің өнімі біршама азайған. Азық-түлік өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда артып отыр. Оның ішінде ет өнімдері 24,5 пайызға, өсімдік майы 2,2 есе, ұн өнімдері 28,1 пайызға көбейген.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 320 миллиард теңгені құрап отыр. Есепті кезеңмен салыстырғанда 110,1 пайызға артқан. Облыстағы мал шаруашылығының өнімдері де молая түскен. Үстіміздегі жылдың өткен он айының ішінде облыс экономикасына 173,9 миллиард теңге құйылып, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8,9 пайызға артқан. Бірақ, бұл барлық ауданда бірдей емес. Айталық, Целиноград, Зеренді, Ерейментау аудандарының бұл бағыттағы іс-қимылы сылбыр. Есепті кезең ішінде 303,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Түсінікті болуы үшін тарқатып айтқанда, өткен жылғыдан 140,8 пайызға көп. Орташа еңбекақы көлемі үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 15,6 пайызға өсіп, 101,1 мың теңгені құрады.
Баяндамадан соң облыс әкімі жыл соңына дейін бірінші кезектегі қажетті азық-түлікпен толық қамтамасыз етуді әрі бағаға ұдайы бақылау қоюды талап етті.
Мұнан соң облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Жанбай Омаров облыс аумағындағы құқықтық тәртіптің және жол қауіпсіздігінің ахуалы туралы таратып айтып берді. Оның ішінде тұрмыстық қылмыстың Көкшетау қаласы мен Бұланды, Ерейментау, Ақкөл тәрізді бірқатар аудандарда өсіп отырғандығы туралы да айтылды.
Әкімдік мәжілісінің соңында облыс әкімі Сергей Кулагин күн тәртібіндегі көкейтесті мәселелер туралы айта келіп, сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар