Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Таза өнім өндіргендердің еңбегі жанады - АРҚА АЖАРЫ

Таза өнім өндіргендердің еңбегі жанады

Даму қоры Ақмола филиалының кеңсесінде «Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығын дамыту бастамасын қолдау» шеңберінде дөңгелек үстел болып өтті.

G-Global халықаралық секретариатының және Ақмола облысындағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Жасыл экономика мен G-Global дамыту коалициясы» заңды тұлға ұйымы мен Астанадағы ОБСЕ бағдарламаларының кеңсесі ұйымдастырған шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстық әкімдік, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, облыстың органикалық ауыл шаруашылығында танылған сарапшылар қатысты. Өткен жылдың 27 қарашасында «Органикалық өнімді өндіру жөнінде» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, еліміздің органикалық ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталды. Бүгінгі күні Қазақстан облыстың органикалық ауыл шаруашылығының үлкен әлеуетіне ие. Экологиялық таза өнімді өндіру «Жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі бастаманың бір бөлігі болып табылады.
Органикалық ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды енгізу үшін нормативтік актілерді жетілдіру және ақпараттандыруды арттыру қажет. Сондай-ақ, сапаны бақылау, сертификаттау жүйесін, тиісті ұлттық институттарды ұйымдастыру керек. Жасыл экономика мен G-Global дамыту коа-лициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рақымбекова өз сөзінде бүгінгі таңда органикалық ауыл шаруашылығы әлемнің 160 елінде тәжірибеден өткізіліп жатқанын атап өтті. Тәжікстан, Грузия, Украина, Молдова, Әзірбайжан сияқты 88 елде органикалық жер өңдеу жөнінде өз заңдары жұмыс істейді. Экономистердің бағалауы бойынша егер қазір органикалық ауыл шаруашылығы саласының жылдық айналымы 85-90 миллиард долларды құраса, бұл сан 200-250 миллиард долларға жетеді. Әлемде 2 миллион органикалық өнімді өндірушілер жұмыс істейді. Қазақстанда органикалық өндіріспен Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 30 шаруашылығы айналысып, органикалық бидай, рапс, күріш пен соя өсіру үшін 300 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерін пайдалануда.
Олар халықаралық стандарттарға сәйкес, сертификатталып, Еуропалық Одақ елдерінің заңнамасына сәйкестендірілген. Астанадағы ОБСЕ бағдарламалары кеңсесінің экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе сөз сөйлеп, саяси бағытталған ұйым сияқты ОБСЕ үшін органикалық ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбы үлкен маңызға ие екендігіне тоқталды.
– Өйткені, ол тұрақтылықпен және қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Сондықтан, біздің ұйым аясында ақпаратты арттыруға бағытталған қызметті, басқарудың тиімділігін арттыруға және «жасыл» өсім қағидатына негізделген шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды, тұрақты экономиканы дамыту мүддесіне қарсы шығу жағдайын игеруді қолдаймыз. Бұл біздің экономикалық-экологиялық бағыттағы жұмыстың негізін құрайды. Сондай-ақ, бұл жұмыстың бір бөлігі ұзақ мерзімді сұхбаттың қағидаттарын алға жылжыту, ғылыми-тәжірибелік сараптама мен халықаралық тәжірибені тарту шешімін қабылдау үдерісіне барлық мүдделі жақтарды тарту болып табылады, – деді ол.
Германиялық сарапшы Райнер Фриделдің пікірі бойынша қазақстандық өнім органикалыққа жатады. Дегенмен, фермерлерді толық сертификаттау үшін препараттарды пайдалану және агротехникалық өсіру әдістері тәрізді өзге де жүргізілетін жұмыстарды тек қана қағаз жүзінде бекіту қажет. Органикалық өнімді сертификаттау мәселесі жөніндегі алдыңғы қатарлы халықаралық сарапшы Ксения Фирсованың айтуынша, органикалық ауыл шаруашылығын Қазақстанда дамыту өте тиімді бағыт. Агроөнеркәсіптік кешен әлеуеті жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, коалицияның органикалық ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаның басшысы Елдос Абақанов өз сөзінде жасыл технологияны өндірушілер мен тасымалдаушылар жөнінде еліміздің қарапайым азаматтарына қажетті ақпарат алуға мүмкіндік беретін жасыл технология тізілімін ұсынды.
Сондай-ақ, «KZOrganik» ерікті сертификаттауды дамыту жөніндегі өткізілетін дөңгелек үстел мен семинарлар бойынша коалицияның жүргізетін жұмысының және «Жасыл технологияның халықтық академиясы» орталығы базасында орналасқан қазіргі заманғы жылыжайды пайдалану барысында алынған нәтижесінің тұсаукесері болды. Сондай-ақ, жақын арада коалиция базасында «Органик орталығы» құрылатыны атап өтілді. Дөңгелек үстел барысында мәселелер және Қазақстандағы органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру секторының келешегі жан-жақты талқыланды, тәжірибе алмасылды. Органикалық өнімнің рыногымен таныстырылып, рынокта отандық органикалық өнімді өткізу жөнінде кеңес берілді.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар