Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыл қорытындысы шығарылды - АРҚА АЖАРЫ

Жыл қорытындысы шығарылды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен партияның XXVI есеп беру-сайлау конференциясында өткен жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары шығарылып, бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалды, саяси кеңестің, тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Конференция жұмысына республикалық «Нұр Отан» партиясының хатшысы, саяси кеңестің мүшесі Фархад Қуанғанов қатысып, сөз сөйледі.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Сергей Кулагин 2015-2016 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы жан-жақты баяндап берді. Ұлт Көшбасшысы, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен биыл тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отырған еліміз экономикалық-әлеуметтік даму бағытында  ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ұзақ мерзімге арналған даму бағдары, «Мәңгілік ел» сияқты ұлттық идеясы бар Қазақстан дамудың айқын жолымен жылдан жылға биіктерге өрлеп келеді. Бүгінгі Қазақстан экономикасы дамыған, әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орнын тапқан іргелі мемлекет. Еліміздің қол жеткен игі жетістіктеріне астаналық Ақмола облысы да лайықты үлесін қосуда.
Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша 326 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, жалпы өнім индексі 2015 жылмен салыстырғанда 104 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Биыл бұл сала  320 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Сөйтіп, өткен жылмен салыстырғанда жалпы өнім индексі 110 пайыз болды. Атап өтерлік жай, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларының өнім көлемі бойынша облысымыз респуб-ликада сәйкесінше, бірінші және төртінші  сатыдан көрінді. Аймақ Астананың азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасына да белсене қатысады. Осы бағдарлама шеңберінде қазіргі күні 9,8 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін  6,5 миллиард теңгенің  8 жобасы іске қосылды.
Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістердің орын алып жатқанын атап өтуге тиіспіз. Қазіргі күні облыс тұрғындарының  орташа өмір сүру деңгейі 71 жасқа жетіп отыр. Өлім  саны азайып, қатерлі дерт саналатын туберкулезбен ауыратындар қатары біршама кеміді. Биылғы жылы бала мен ана өлімі орын алған жоқ. Мұның бәрі денсаулық сақтау саласына жете көңіл бөлініп, мамандармен, қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарының жақсаруынан болып жатқан оң өзгерістер екені анық.
Партия филиалы төрағасының есебінен кейін Астрахан ауданының әкімі, аудандық аумақтық партия филиалының төрағасы Талғат Ерсейітов, Көкшетау қалалық аумақтық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова, облыстық мәслихаттың депутаты Нартай Ысқақов және басқалары сөз сөйлеп, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар
жайында баяндады.
Республикалық «Нұр Отан» партия-сы облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы Галина Марченкова аумақтық және бастауыш ұйымдарға қатысты жүргізілген тексерулер жайында
баяндап берді. Облыстық партия филиалы төрағасының ұсынысымен саяси кеңестің және бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды.
«Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов конференцияға қатысушыларды келе жатқан ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, филиал жұмысына оң бағасын берді және облыстық филиалдың төрағалығына облыс әкімі Сергей Кулагиннің кандидатурасын ұсынды. Делегаттар бұл ұсынысты қолдап, дауысқа салу арқылы бірауыздан облыс басшысын партия филиалы төрағасы етіп сайлады.
Облыс басшысы өзіне көрсетілген осындай құрметке алғысын айтып, алдағы уақытта Елбасы алға қойған міндеттерді орындау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Конференция соңында бір топ партия белсенділері құрмет грамотасымен, басқа да сыйлықтармен марапатталды. Марапатталғандардың арасында партияның Еңбекшілдер аудандық аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өміртай Жомартов, облыстық филиалдың қоғамдық қабылдауының меңгерушісі Қымбат Жүсіпова, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қорлан Тәжденова және басқалары бар.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар