Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасының бейнесі – төл теңгеде - АРҚА АЖАРЫ

Елбасының бейнесі – төл теңгеде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында мемлекет басшысының портреті бейнеленген 10 мың теңгелік қағаз ақша шығарылды.

Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасының елге сіңірген ерен еңбегін ескеріп, осындай шешім қабылданғанын дұрыс деп санаймын. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейлі мерекесі қарсаңында шығарылған 10 мың теңгелік қағаз ақша еліміздің тарихынан сыр шертеді. Оның бір бетінде Елбасының портреті, Елорданың бойтұмары саналатын «Бәйтерек» монументі, қаншама ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағына айналған қазақ жерінің картасы бейнеленсе, екінші бетінде «Өмір ағашы», «Қазақ елі» монументіндегі киелі құстың суреті бір-біріне үйлесіп тұрғандай. Мұның барлығы да тарихы тереңге тамыр жаятын тәуелсіз еліміздің жүріп өткен жарқын жолдары іспетті.
Банкнотта елге еңбегі сіңген тұлғаларды, ел президенттерін  бейнелеу жаңашылдық емес. Ол дамыған озық елдердің тәжірибесінде бұрыннан бар. Мысалға, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Ли Куан Ю, Нельсон Мандела сияқты тұлғалар өз елдерінің ұлттық валюталарында бейнеленген еді. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық валютамызда бейнеленуі сол тарихи үрдістің бір көрінісі болса керек. Банкнот айналымға түскеннен бастап, оны кез келген қазақстандық зор мақтанышпен ұстайтынына күмәнім жоқ.

Ғосман ТӨЛЕҒҰЛ,
«Ардагерлер ұйымы» республикалық
қоғамдық  бірлестігінің Ақмола облыстық
 филиалының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар