Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Банан қабығының пайдасы - АРҚА АЖАРЫ

Банан қабығының пайдасы

Бананның өзі ғана емес,  қабығының да қажетке жарайтын көп пайдалы жақтары бар. Сол себепті, оны қоқысқа тастамас бұрын нендей мақсатта пайдалануға болатынын біліп алған артық болмайды.

Ең алдымен, банан қабығымен аяқ киіміңізді ысқылап, артынан құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз, аяқ киіміңіз ине-жіптен енді шыққандай жалтырап шыға келеді.
Банан қабығы терісі құрғақ және секпілі бар адамдарға да пайдалы. Күніне екі рет банан қабығымен сүртіп отырса, нәтижесі көп күттірмейді.
Банан қабығынан әдетте қышқыл әрі ащы болып келетін сірке суынан дәмі өзгешеленіп тұратын, яғни, тәтті сірке суын алуға болады. Оны салатқа қосуға болады және су мен шайдың хош иісін арттыру үшін де пайдалануға болады.
Етті қуырған кезде оған банан қабығын аралас-тырса, етіңіз жұмсақ әрі дәмі тіл үйіретін тағам болып шығады.
Тісті ағарту үшін банан қабығының ішкі жағымен оны ысқылау керек.
Маса немесе бүрге шаққан жеріңіз қатты қышып қоймаса, банан қабығымен ысқыласаңыз, қояды.
Тікен кірген жерге банан қабығын қойсаңыз, тікен терінің үстіңгі жағына қарай тартылады, артынан суырып тастайсыз.
Киімнің жауы болып табылатын күйеден құтылғыңыз келсе, банан қабығын қойсаңыз жеткілікті, өйткені, банан қабығы күйені өзіне тартып алады.
Бетіңізде көркіңізге көлеңке түсіретін безеу, бөртпе пайда болса, банан қабығымен сүртіңіз, алайда, онымен артынан бетіңізді тұтас сүртіп жүрмеңіз, нәтижесі көп күттірмейді.
Дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар