Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екі айда 69 нысан - АРҚА АЖАРЫ

Екі айда 69 нысан

пайдалануға берілмекші

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде өңірдің биылғы жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы мерекелерді ойдағыдай өткізу мәселелері қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңесті облыс әкімі ашып, жүргізіп отырды. Кеңесте алдымен өңірдің биылғы жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы сөз болды. Осы аралықта облыс бойынша 326 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, жалпы өнім индексі 2015 жылмен салыстырғанда 104 пайызды құраған. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамып келе жатқандығы байқалды. Биыл бұл салада  320 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Жалпы, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларының өнім көлемі бойынша облысымыз республикада сәйкесінше, бірінші және төртінші  сатыдан көрінді. Оған қоса облыс құрылыс, негізгі капиталға инвестиция тарту жағынан алғанда да көш басынан көрінуде.
Аймақ басшысы жыл қорытындысы бойынша да осы қарқынды сақтап, кейбір көрсеткіштерді жақсарту қажеттігін атап өтті.
Мәжілісте облыс басшысы алдағы келе жатқан мерекелерге дайындық жұмыстарын да пысықтады. Қараша мен желтоқсан айларында облыс бойынша барлығы 69 нысан пайдалануға берілмекші. Оның 46-сы жаңа нысандар болса, 23-і күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңартылған нысандар. Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, аталған мерекелер қарсаңында облыс орталығында 9 әлеуметтік-өндірістік нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Олар балабақша, өндіріс орындары және тұрғын үй сияқты нысандар болмақ. Оған қоса, тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау аясында осы аптада Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күні аталып өтілмек.
Өз сөзінде облыс басшысы мереке күндері барлық нысандарда, оның ішінде коммуналдық қызмет саласында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, облыс орталығында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді тапсырды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар