Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табиғатымыз ғана сұлу емес, ісіміз де ілгері - АРҚА АЖАРЫ

Табиғатымыз ғана сұлу емес, ісіміз де ілгері

Биыл еліміз өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отыр. Осы ширек ғасырдың ішінде ғасырларға бергісіз даму жолынан өттік. Әлемнің бәсекелестікке қабілетті елу мемлекетінің санатына кірген қазақ елі алдағы уақытта үздік отыздықтың қатарынан көрінуді мақсат етіп отыр. Осы жетістікте экономикасы алға басқан біздің ауданның да белгілі бір үлесі барына қуаныштымыз.

 

Еліміздің басқа да өңірлері сияқты Сандықтау ауданында да тәуелсіздік жылдарында көптеген ауыз толтырып айтарлықтай оң өзгерістер болғанын  мақтанышпен айта аламыз. Басқаны былай қойғанда, аудан орталығы Балкашин селосы мен елді мекендеріміздің сыртқы бейнесі айтарлықтай өзгеріп, сәулетті үйлер мен ғимараттар көптеп бой түзеуде. Балкашин селосының орталық алаңынан соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған үлкен ескерткіш мемориал бой көтеруде. Таяу болашақта абаттандырылған орталық алаң жұртшылықтың дем алатын сүйікті орнына айналатын болады. Бүгінде егін алқаптарында шет елдік алымдылығы жоғары жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын жиі көруге болады. Кеңес заманында егін жинау науқанына қалалардан, тіпті, Одақтың басқа республикаларынан көмекке адамдар көптеп келетін болса, қазір әр шаруашылық өз егінін өздері қысқа мерзім ішінде жинап алады. Бұның бәрі алымдылығы жоғары жаңа техниканың арқасында атқарылып отырған шаруалар.
Мемлекет басшысы биылғы жылдың қыркүйегінде біздің облысымызға келген жұмыс сапарында қоғам өкілдерімен кездесу барысында Ақмола облысының аграрлық аймақтан өнеркәсіптік-аграрлық аймаққа айналғандығын атап өткен болатын. Мұндай оң өзгеріс біздің ауданымызда да орын алып отырғанын атап өткен артық болмас. Өңірімізде өнеркәсіп саласы, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы біршама жақсы дамуда. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында ауданда қолданыстағы баға бойынша 1482, 6  миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106 пайызды құрайды. Тау-кен өндірістік кәсіпорындары  57 миллион теңгенің өнімін өндірді. Бұл саладағы негізгі өнім өңдеуші саланың үлесінде. Өңдеуші кәсіпорындар 1136,7 миллион теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп саласында шағын бизнес өкілдерінің алатын үлес салмағы қомақты болып отыр. Бұл саладағы олардың үлесі қазіргі күні 16,8 пайызды құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жыл басынан бері 248,5 миллион теңгенің өнімін шығарған. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім көлемі 120,2 пайыз деңгейінде.
Аудан экономикасында негізгі орынды егін шаруашылығы алады. Сандықтау ауданы облысымыздағы егін алқабының көлемі жағынан алдыңғы орындардың бірінде. Биыл көктемде аудан шаруашылықтары  278630,5 гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдарын септі. Оған қоса,  12363 гектар жерге майлы дақылдар, 1349 гектар алқапқа көп жылдық, 3908 гектар жерге бір жылдық шөп егілді. Биылғы көктем мен жаздағы мол жаңбыр егін шығымдылығына да игі әсерін тигізді. Диқандарымыз гектарынан 15  центнерден өнім жинап, астықты қоймаларына құйып алды.
Өтпелі кезеңнің ауыр жылдарында ірі шаруашылықтар қолдағы малдарын баспа-бас айырбасқа салып, мал басы күрт азайып кеткен еді. Тіпті, мал ұстамай, тек егін шаруашылығымен айналысатын серіктестіктер көп болатын. Дегенмен, нарық талабына  сай  ауыл шаруашылығы саласынан жақсы табыс табу үшін екі саланы, яғни, егіншілік пен мал шаруашылығын қоса жүргізу қажет болатынын бүгінде ірі шаруашылық құрылымдарының басшылары жақсы түсінеді. Осыған орай, жыл санап мал шаруашылығына ден қойған серіктестіктер қатары көбейіп келеді.
Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 14222,5  миллион теңгені құрап, жалпы индекс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,5 пайыз болды. Біз өндіріс көлемі бойынша облыста екінші сатыдан көріндік. Барлық шаруашылықтар жыл басынан бергі тоғыз айдың ішінде тірі салмағы бойынша 3675 тонна мал және құс етін өндірді. Өнім көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  103,2 пайызды құрады. Сүт өнімдерін өндіру көлемі де біршама артып, 1696,3 тоннаға жетті. Сондай-ақ, 3958 мың дана жұмыртқа алынып, өнім көлемі өткен жылға қарағанда 104,4 пайыз болды.
Бүгінгі нарық талабына  сай шағын және орта бизнес саласының экономикамыздағы алатын үлес салмағы жылдан жылға өсіп келеді. Қазіргі күні ауданымызда тіркеліп, жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1302 болып отыр. Бұл сала жыл басынан бері 406,3  миллион теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім деңгейі 65 пайызды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жыл басынан бері 129 жаңа жұмыс орнын ашты. Осы арада айта кетерлік бір жай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген шарттармен
несие алып, өз кәсібін ашқысы келетіндерге барлық мүмкіндік бар. Өкінішке орай, ақпараттың тапшылығынан болар немесе жеке кәсіп ашудан тайсала ма, екі қолға бір күрек таппай жүргендердің көбі осы мүмкіндікті пайдалануға онша құлшына қоймайды. Бұл бағытта құзырлы орган қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда баспана мәселесі қалада да, ауылда да өткір болып отырғаны белгілі. Бізде баспанаға деген мұқтаждық үлкен қалалардағыдай жоғары болмаса да, жыл сайын жас отбасылар қатары көбейіп жатқан соң үйге қажеттілік болатыны анық. Осы орайда, ауданда үй құрылысы саласын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінеді. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында 235,9  миллион теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылған. Жалпы көлем индексі 124,6  пайызды құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда  құрылыс көлемі арта түсті. Жыл басынан бері жалпы ауқымы   1073 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бізде жекеменшік тұрғын үй салушылары көп. Жеке үйлер ауданымыздың барлық елді мекендерінен дерлік салынуда.
Денсаулық сақтау, білім және мәдениет нысандарын салу, ұстау жұмыстарына да жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінеді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары өздері орналасқан елді мекендегі әлеуметтік нысандарды ұстауға үнемі қаржылай көмек көрсетіп отырады. Осыған орай, бұл салада бүгінгі күні шешімін күткен түйткілді мәселелер  жоқ деп айтуға болады.
Елбасымыз өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында еліміздің бас-ты байлығы – тұрақтылығымыз бен ұлтаралық, дінаралық татулығымызды, бірлігімізді сақтауға, халықтың тұрмыс дәрежесін жақсарту жайына үнемі көңіл бөліп отырады. Осы орайда, біз де жергілікті жерде бұл мәселелерге ерекше назар аударамыз. Ауданымызда ондаған ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті тірлік кешіп келеді. Бұның бәрі Елбасымыздың ұстанып отырған ұлтаралық оңтайлы саясатының жемісі десек, артық айтқандық емес. Бізде барлық ұлттардың өз тілдері мен дәстүрлерін сақтауға, дамытуға барлық жағдай жасалған.

Асылбек ИСМАҒАМБЕТОВ,
Сандықтау ауданының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар