Әбдіғалым Саржанов саналы ғұмырының 39 жылын өзі сүйген кәсібіне арнап келеді
Еңбек жолын Мариновка автобазасында бастаған тәжірибелі жүргізуші «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жиырма жыл еңбек етеді. Шаруашылықта жыл бойы шөп, пішендеме, сүрлем, астық, құрылыс материалдары тәрізді жүк тасымалдау жұмыстары бір толастамайды.
Биылғы жылғы орақта жүргізуші «КамАЗ» автокөлігімен нормасын асыра орындады. Қыс айларында автокөліктің ақауы серіктестіктің машина-трактор шеберханасында жөнделеді. Жүргізушілердің тиімді еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: жүргізуші Әбдіғалым
Саржанов.
Атбасар ауданы.