Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алимент төлеуден қашатындар көп - АРҚА АЖАРЫ

Алимент төлеуден қашатындар көп

Облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғановтың төрағалығымен өткен облыс прокуратурасының жанынан құрылған консультативтік кеңестің кезекті отырысында қоғамдық орындардағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және алимент төлеуге қатысты сот актілерінің орындалу барысы туралы мәселелер талқыланып, олқылықтарды жоюға қатысты нақты ұсыныстар мен кеңес түріндегі шешімдер қабылданды.

 

Құқықтық статистика комитеті облыстық басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Смайыловтың айтуынша, 2015 жылдың алғашқы он айында 13087 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, биылғы жылдың он айында қылмыс көлемі  4,7 пайызға азайған. Дегенмен де, жалпы қылмыс саны азайғанмен, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс пен заң бұзушылықтар қатары  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  17,5 пайызға көбейген.  Осы санаттағы қылмыстың өсуі Көкшетау, Степногорск қалалары мен Целиноград, Бурабай, Атбасар аудандарында байқалады. Қоғамдық орындардағы қылмыстарды тіркеу барысында ішкі істер органы қызметкерлерінің нақты жайды бұрмалап көрсету фактілері орын алып қалады. Мұндайда қоғамдық орындарда жасалған қылмыс басқаша дәрежеленіп немесе керісінше көрсетіледі. Осыған орай, қадағалаушы орган тарапынан тіркелген істерді нақтылау жөнінде 5 мыңнан астам ұсынымдар жасалған. Тағы бір айта кетерлік жай, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заң бұзушылықтағы кәмелетке толмағандардың үлес салмағының өсе түсіп отырғандығы. Мұның өзі жергілікті атқарушы органдар мен жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекцияның жұмысының олқылығын көрсетеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Көкшетау қаласының прокуроры Арман Ризанов баяндады. Өзегін жарып шыққан өз балалары үшін алимент төлеуден жалтарып жүргендер қатары жыл санап көбеймесе, азаяр емес. Борышкерлерден алиментті өндіріп алу жөніндегі сот шешімдері бар, дегенмен оны орындаушылық жайы көңіл көншітпейді.  Қала прокурорының айтуынша, алимент мәселесінің ақ-қарасын анықтау мақсатында сот орындаушыларына берілген 1640 істі прокуратураның бес қызметкері екі апта бойы зерттеп көріпті. Сонда мынадай жай анықталған:  алимент бойынша борышкер 700 адамның тұрақты жұмысы және табысы бар, 105 адам қайтыс болғандықтан, қысқартуға жатқызылуы тиіс, ал, 113 борышкер өздері көрсеткен мекен-жайда тұрмайды, 70  борышкердің қарызын өтеуі үшін қажетті мүлкі бар болып шыққан. Осы жайдан байқалатындай, алимент бойынша қарыздың қордалануына негізгі себептердің  бірі ретінде сот орындаушыларының өз міндеттерін дұрыс атқармауын атап өтуге болады. Әрине, сот орындаушыларының алименттен басқа да шаруа-лары шаш етектен. Десе де, бұл мәселені шешу үшін жекелеген сот орындаушыларына тек алимент жөніндегі істермен айналысу жүктелгені жөн деп санайды қала прокуроры.
Облыстық прокуратураның 10-шы басқармасының басшысы Жанар Талипова алименттен қашқан азаматтармен құқық қорғаушылардың жүргізіп жатқан жұмыстары  жайында айтып берді.  Ольковтар отбасының кәмелетке толмаған екі баласы үшін әкесі  төрт жылдан бері алимент төлемеген. Осы уақыт ішінде жиналған қарыз көлемі 700 мың теңгеден асқан. Тұрақты жұмысы, табысы бар азамат Измайлов  алимент төлеуден жалтарған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал, Астрахан ауданының тұрғыны В.Садчиков алимент бойынша  500 мың теңге қарызын үстінен қылмыстық іс ашқаннан кейін екі күннің ішінде төлепті. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде сот орындаушыларында жатқан бес мыңнан астам іс бойынша 11 мыңдай балаға төленбей келген алимент қарызы жарты миллиард теңгеден асады. Өз балаларына алимент төлеуден қашып жүргендердің осы күнге дейін біреуі ғана  қылмыстық жазаға тартылыпты. Жаңа кодексте үш айдан  артық уақыт алимент төлемегендердің үстінен қылмыстық іс қозғау қарастырылған. Осы бап бойынша қылмыстық іс ашылғанмен, сот барысында түрлі себептермен борышкерлерді жауапқа тарту мүмкін болмай жатады. Мұның бәрі заңдағы кейбір олқылықтардан болып отыр дейді басқарма басшысы.
Облыстық әділет департаментінің басқарма басшысы Манар Байғожина алиментке қатысты сот орындаушылық өндірісі жайында баяндады. Сот орындаушылардың жүктемесінің шектен тыс көптігі алиментке қатысты істердің уақытында орындалмай жатуына себеп болуда.
Консультативтік кеңес мәжілісінің қорытындысында қаралған мәселелер бойынша ұсыныс және кеңес түріндегі шешімдер қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар