Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Борышкер» шарасы өз нәтижесін беруде - АРҚА АЖАРЫ

«Борышкер» шарасы өз нәтижесін беруде

Облыстық прокуратура, әділет департаменті және ішкі істер органдары қызметкерлері қатысқан дөңгелек үстелде мемлекет бюджетіне айыппұлдарды өндіру бойынша уәкілетті органдардың сот актілерін және қаулыларын орындаудағы өзара әрекеттестігі  мәселелері талқыланды.

Жыл басында мемлекеттік сот орындаушыларының орындауында жалпы сомасы 447 миллион теңгені құрайтын 24403 құжат болған. Ағымдағы жылдың он айы ішінде 303 миллион теңгенің 20042 өндірісі орындалған. Сондай-ақ, жеке сот орындаушылары 153 миллион теңгеден асатын 7 мыңнан астам сот шешімін орындаған.  
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәлімдеуінше, әділет департаментімен және облыстық прокуратурамен бірлесіп жасаған бұйрық негізінде «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасын үзбей өткізіп тұрады. Аталған іс-шара аясында автокөлік иелерінің құжаттары тексеріліп, төлемей жүрген әкімшілік айыппұлдары анықталса, жауапсыз борышкерлердің автокөліктері айыппұл тұрағына қойылады.  Құқық бұзған және айыппұлды уақытында өз еркімен төлемегендер уәкілетті органның сот шешімін және қаулысын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 669 бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе бес тәулікке әкімшілік қамауға алынады, болмаса 10-нан 50-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.  Дөңгелек үстел барысында Әділет министрлігінде сот актілері мен атқару өндірісінің орындалу мәселелері бойынша 119 жедел желісі іске қосылғандығы жөнінде айтылды. Қазақстан бойынша қалаішілік телефон арқылы қоңырау шалу тегін.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар