Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерікті бірлестіктер жұмыс істеуде - АРҚА АЖАРЫ

Ерікті бірлестіктер жұмыс істеуде

Біздің қоғамға  алдына қойған мақсатына  байыпты, саналы түрде қол жеткізетін, қоғамдық еңбекке ынталы, ел мүддесін жеке бас пайдасынан жоғары қоятын саналы азаматтар көптеп керек.

Адамдардың бойында адамгершіліктің жетіспеушілігі, ұрпақтар сабақтастығының үзілуі, жастарды мәдени-тарихи құндылықтардан, туған халқының ділі мен құндылықтар жүйесінен  ажырауы заманның  кесапатына айналып отыр.  Ал,   қоғамдағы түрлі келеңсіз ықпал-әсерді ең бірінші болып  көбінесе  балалар, жасөспірімдер мен жастар қабылдайтынын ұмытпағанымыз жөн.  Сондықтан, қазіргі уақытта    тағылымды  тәрбие беру мәселесі   өте өзекті және маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері білім беру мекемелерінде тоқсан сайын мектеп  оқушыларымен, ұстаздармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен  құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, заңнамалық актілерді түсіндіру жөніндегі дәрістер мен   арнайы диалогтік алаң өткізіп отырады. Мектеп оқушыларының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында  «Біз жемқорлыққа қарсымыз» акциясы жүйелі түрде  өткізіледі. Бастауыш сынып оқушылары үшін жемқорлыққа қарсы дағдыларды дарыту, адалдық пен  парасаттылыққа
баулу мақсатында  «Ертегілер әлеміндегі жемқорлық» тақырыбындағы сынып сағаттары, орта буын оқушыларымен  «СТОП — Коррупция», «Мен ашкөз мемлекеттік қызметшімін» деген бейнероликтердің  көрсетілімі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»  тақырыбындағы дәріс-сабақтар  өткізілді. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларына  «Жемқорлыққа жол жоқ», «Әділеттілік қағидаттары» сияқты тақырыптардағы, нормативтік-құқықтық құжаттарды талдауға негізделген  дөңгелек үстелдер өтті. Бұдан бөлек, қазір мектептерде полицияның жас көмекшілер тобы құрылып, олардың бойында әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, кәсіби бағдар беруге, балалар мен жасөспірімдерді құқықтық
насихат мәселелеріне тартуға бағытталған  ерікті бірлестіктер жұмыс істеуде.    
Тәрбие мен білім беру адам бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының негізі болып табылса,   отбасы мен  білім беру ортасының осы жолда атқарар қызметі зор. Ата-ана мен ұстаздар   балалары үшін үлгі тұтарлық  болуы керек. Себебі, бала өз ата-анасына қарап бой түзейді.
  Сая БЕКҚАЖАНОВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің  бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар