Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде қысқы жылу беру маусымын ойдағыдай өткізу және автокөлік жолдарын қардан тазалап отыру мәселелері қаралып, осы бағытта жүзеге асырылуға тиісті нақтылы міндеттер белгілен - АРҚА АЖАРЫ

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде қысқы жылу беру маусымын ойдағыдай өткізу және автокөлік жолдарын қардан тазалап отыру мәселелері қаралып, осы бағытта жүзеге асырылуға тиісті нақтылы міндеттер белгілен

 Қамданған қапы қалмайды

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңесте алдымен өткен демалыс күндері Зеренді ауданы Дөңгілағаш ауылындағы орта мектептің қазандығында болған өрттің зардаптарын жою мәселесі сөз болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов баяндап берді. Оның айтуына қарағанда, тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты жалмаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Осы орайда, облыс басшысы жаңа мектепті салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, оқу процесі үзілмеу үшін барлық қажетті жағдайды жасауды тапсырды.    
Бұдан кейін жиналғандарға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақмола жол бөлімшесінің жақында тағайындалған директоры Нұрым Жәниязовты таныстырды.
Кеңесте қысқы жылу беру маусымын ойдағыдай өткізу және автокөлік жолдарын тазалап отыру мәселелері қаралды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченконың мәлімдеуінше, биыл облыста 684 қазандық, 59,2 шақырым жылу желісі жөнделген. Жылу маусымына 763 білім беру, 625 денсаулық сақтау, 510 әлеуметтік нысан әзірленді. Оған қоса, 2040 көпқабатты тұрғын үй жылу беру маусымына тап-тұйнақтай әзір болды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 3,3 миллиард теңге қаржы бөлінді. Маусым ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде басталып, алдымен білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға жылу берілсе, қазанның 1-інде тұрғын үйлерге жіберілді. Маусым басталғанша уақытылы келісім-шарт жасалып, қажетті отын қоры жинақталды. Қатты аязды күндері қосымша кезекшілік ұйымдастырылып, жылу көздері, жылу желісі тәрізді маңызды нысандардың жұмысы қатаң бақылауға алынды.
Жалпы, қысқы уақытта 7890 шақырым автокөлік жолдарын қардан тазалап отыру міндеті жүктелген. Оның 2260 шақырымы республикалық, 2665 шақырымы облыстық және 2965 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.  Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Бекішев осы күні облыс аумағындағы жолдарды қысқы маусымда  тазалау үшін 8 мердігер ұйыммен келісім-шарт жасалынғанын атап өтті. Қар тазалауға қажетті 81 бірлік техника бар. Жанар-жағармай мен  көктайғақ кезінде қолданылатын материал да жеткілікті.  Сонымен қатар, 2016-2017 жылдары қыс айларында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп өткізетін шаралардың жоспары бекітілген. Ағымдағы жылы аудандық мақсаттағы жолдарды, Көкшетау, Степногорскідегі қалаішілік жолдарды  ұстау үшін әкімдіктермен 179 миллион теңге қаржы бөлініп, жергілікті шаруашылық субъектілерімен меморандумға қол қойылған.
Кеңесті қорытындылаған облыс басшысы жылу беру маусымының барысы мен автомобиль жолдарын қардан тазалап отыруды қатаң бақылауда ұстап отыру қажеттігін атап өтті.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар