Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Менің елім – мәңгілік ел! - АРҚА АЖАРЫ

Менің елім – мәңгілік ел!

Облыс орталығындағы Достық үйінде ел тәуелсіздігінің 25 жұлдызды күні аясында «Менің елім – мәңгілік ел!» жалпыреспубликалық жастар акциясы болып өтті.

Жалпыреспубликалық акция жалынды жастардың рухы мен бейнесін суреттеп көрсетуге негізделген «Жастар – болашақтың қуаты» атты хореографиялық көрініспен ашылды. Акция ағымдағы жылдың 4 қарашасында Талдықорған қаласында бас-тау алып, республиканың барша аумағында өткізілген болатын.    
«Тәуелсіздіктің 25 жылы аралығындағы «Мәңгілік ел» жастарының жетістіктері» атты кітап бұл акцияның басты нышаны болып табылады және онда республика жастары өздерінің жеткен жетістіктері мен  бағындырған биіктері туралы баяндаған. Оны жастар Елбасыға сыйға тартпақшы.
Іс-шарада облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ринат Галлямов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшысы Марал Жақыпова сөз сөйлеп, жиналған қауымды ел тәуелсіздігінің мерейлі мерекесімен құттықтап, мемлекеттің жарқын болашағының кепілі сіздер деп жастар қауымына Елбасы және Қазақ елі үлкен сенім артып отырғандығын жеткізді. Осы орайда, сахнаға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті, «Серпін» бағдарламасының қатысушысы Керімбек Бексұлтан, бокстан халықаралық спорт шебері Зарина Цолоева, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Ислам Байрамов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Виктория Грудина шақырылып, олар өздерінің жетістіктері жайлы баяндап, бағындырған белестері
Елбасы мен халқының, тәуелсіздіктің жеңісі екендігін айтты және жүрекжарды лебіздерін білдірді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Виктория Грудина мен Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің оқушысы Егор Тихонов «Мәңгілік ел» кітабында жазылған жастардың үндеуін барша қауымға оқып берді, сөйтіп, кітапты Астанадан арнайы келген қонақтарға салтанатты түрде тапсырды.  
– Акцияның нышаны етіп кітап таңдалынып алынуы кездейсоқтық емес, ол Қазақстан жастарының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің жылнамасы, оған біздің тәуелсіздігіміздің құрдастары – жастардың  тілектері, жетістіктері, білімі мен тәжірибесі жазылды. Бұл біздің бүгініміз, ертеңіміз және келешегіміз. Мұнда біз аға буынға тағзым етіп, алғыстарымызды білдірдік, оны кейінгі буынға жеткізу болашақ ұрпақтың міндеті. Мұнда әр қазақстандықтың жүрек лүпілі мен игі тілектері жатыр. Кітапты біз Астана қаласына алып барып, жақын күндері Елбасына тапсыратын боламыз, – деді Астана қаласы  жастарының жетекшісі, түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев.
Аталған шарадан соң астаналық жас-тарды Қазақстан халқы Ақмола ассам-блеясының хатшысы Марал Жақыпова Достық  үйіндегі этно-мәдени орталықтары қоғамдық бірлестіктерінің ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы бірлесіп жасаған көрмесімен таныстырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар