Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ШАҒЫН АУЫЛДАН АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛҒАН - АРҚА АЖАРЫ

ШАҒЫН АУЫЛДАН АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛҒАН

Ақмол аз жылда көркейіп шыға келді

 

Еліміздің  астанасы Алматыдан Сарыарқаның төсіндегі Ақмола қаласына көшірілгенде республикалық мекемелер мен министрліктерді  бұрынғы шағын облыс орталығына орналастыру оңай болмағандығы белгілі. Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына қоныс аударғанының  да себептерінің бірі осында. Осындай өзгерісті  Ақмоланың іргесіндегі Көктал (ол кезде Киров атындағы ауыл) елді мекеніндегі  Целиноград ауданының орталығы да күтіп тұрды.

 

– Сонау 1995 жылы Целиноград ауданында әкім болып (ол кезде аудан әкімшілігінің басшысы) тұрған кезімде уақыт өте аудан орталығын көшіруге тура келетіндігін түсінген едім, – деп еске алады Парламент Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев. – Осыған орай, сол кездегі «Ақмола-Феникс» АҚ басшысы Иван Иванович Шарфпен ақылдасып, бір мәмлеге келген едік.  Өзіңіз білесіз, ол бір қиын кезең еді ғой. Қаржы тапшылығы, экономикалық байланыстардың үзіліп қалуы сынды мәселелер істі алға бастыруға мүмкіндік бермей тұрды. Малиновка ауылының да жағдайы күрт төмендеп кеткен кезең болды. Басқаны айтпағанның өзінде, тәулігіне бір вагон көмір жағатын жылу орталығының жұмысын тоқтатпаудың өзі шаруашылық үшін шешілмес мәселеге айналған. Сондықтан да болар, аудан орталығы мәртебесіне ие болса ауылдың жағдайы біршама түзелер деген үмітпен менің ұсынысымды Иван Шарф қуана құптады. Бірақ, 1997 жылы мені басқа жұмысқа ауыстырған соң бұл мәселе аяқсыз қалды.
Бір қызығы, аудан орталығын көшіру туралы мәселе алғашқы рет қозғалғаннан кейін он жылдан соң Жексенбай Дүйсебаев екінші рет Целиноград ауданына әкім болып тағайындалды. Яғни, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы Ақмола облысы Целиноград ауданының орталығын Көктал ауылынан Малиновка округіндегі Малиновка ауылына көшіру туралы Жарлығына орай аудан орталығын Ақмол ауылына көшіруді жүзеге асыру Жексенбай Қартабайұлына жүктелді.
Айтпақшы, алдында аудан орталығын Қабанбай ауылына (ол кезде Рождественка селосы) көшіру туралы да ұсыныс болған екен. Сондай-ақ, сонау 90-шы жылдары қуана құптағанмен, кейіннен Иван Шарфтың да,  «Аудан орталығы көшіп келсе жекешелендірілген шаруашылығымнан айырылып қаламын ба» деген күмәнмен қарағандығы жасырын емес. Бүгінде оның бәрі тарих еншісінде.
– Екінші рет Целиноград ауданына әкім болып қызметке кіріскенімдегі менің басты міндетім – аудан орталығын Ақмол ауылына көшіру болды, – дейді Жексенбай Қартабайұлы сөзін әрі қарай сабақтап. – Сол кездегі облыс әкімі Мәжит Есенбаев ауданның жай-жапсарымен, экономикасымен таныс, ал, ең бастысы тұрғындарын жақсы білетін адам ретінде маған осы ауқымды істі мүмкіндігінше аз шығынмен, қысқа уақыт ішінде жүзеге асыруды тапсырды. Айтпақшы, аудан орталығын көшірерде алдымен Малиновка ауылына қазақша атау беруді қолға алдық. Осылайша Ақмола облысы әкімінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі №А-5-144 Қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 22 мамырдағы №ЗС-26-3 шешіміне сәйкес Малиновка ауылының атауы Ақмол болып өзгертілді. Аудан орталығы мәртебесін алған Ақмолдың тарихы осы күннен бастау алады десек қателеспейміз.
Уақыт шіркін жылдам ғой, одан бері тоғыз жыл зымырап өтіпті. Бүгінде Ақмол ауылы облысымыздағы ең әсем ауыл ғана емес, қарқынды дамып келе жатқан аудан орталықтарының  біріне айналды. Әрине, шағын ғана ауылды бүгінгі заман талаптарына толық жауап беретін, инфрақұрылымы дамыған, әсем ғимараттар салынған қалашыққа айналдыру оңай шаруа емес. Рас, аудан орталығы Ақмолға көшірілгенде бұл ауқымды жұмысты жүзеге асыру үшін ешқандай қосымша қаржы қарастырылмаған еді. Сондықтан да, осы істің басы-қасында болған, барлық қажетті жұмыстарды ұйымдастырған сол кездегі аудан, облыс басшыларының біліктіліктері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін ерекше атап өту керек.
Кейіннен Елбасының тапсырмасына орай, Астана айналасында Елордаға серіктес қалалар тұрғызу бағдарламасы аясында Ақмол ауылына да ерекше назар аударыла бастады. Бұл орайда, кезінде әлемге
«АЛЖИР» деген атаумен белгілі болған кеңестік жүйенің «халық жауы» деген жалған жаласымен қуғын-сүргінге ұшыраған белгілі тұлғалардың әйелдеріне арналған лагерьдің осы ауылда орналасқандығын айта кету керек. Президенттің бастамасымен Ақмол ауылында «Алжир» тарихи мұражайы кешені салынуы да тарихымызды зерделеп, өткенімізді ұмытпауға шақырады. Бүгінде аталмыш мұражай-кешен сол бір зұлмат жылдары зәбір  көріп, қуғын-сүргінге ұшырағандардың  алыс-жақын шетелдердегі ұрпақтарының оларға тағзым етіп, еске алатын орындарына айналды.
Әрине, Целиноград ауданының облысымыздағы басқа аудандарға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар екендігі ақиқат. Оның ең бастысы, аудан шаруашылықтарының Елорданы айнала орналасуында. Сондай-ақ, аудан орталығының да Астананың іргесінде екендігі Елордаға жақынырақ қоныстануға ниет білдірушілердің қызығушылықтарын туғызатындығы заңды құбылыс деу керек. Содан да болар, бүгінде Целиноград ауданында статистикалық деректер бо-йынша 69540 адам тіркеуде  тұрса, шын мәнінде шамамен 170 мыңнан астам адам тұрады. Осыдан бұрын еліміздің солтүстік өңіріндегі аудандарда осыншама халық тұрады дегенге ешкім сенбес еді. Ал, аудан орталығы – Ақмолдың өзінде 9950 адам тіркелген болса, шын мәнінде он үш мыңнан астам адам тұрады. Енді осыған күн сайын таңертеңгілік Астанадан Ақмолға және керісінше ағылған көліктерді ескерсек, нақты цифрды анықтаудың өзі қиын соғады. Бұл әрине, шындығында ауданның Астанаға жақын орналасуының нәтижесі. Ал, Астанадан алыстау орналасқан аудандардағы халықтың саны Целиноград ауданымен салыстыруға да келмейді.
Бүгінде жоғарыда айтып өткеніміздей, Ақмол ауылы Астанаға серіктес қалаға айнала қоймаса да, заман талаптарына сай абаттандырылған, инфрақұрылымы жетілдірілген, облысымыздағы ең көрікті аудан орталықтарының біріне айналды. Осы жылдар аралығында аудан орталығында  біраз тұрғын үй мен бірнеше әкімшілік ғимараттар бой көтерді. Көшелер көгалдандырылып, жолдар жөнделді. Орталық алаңда қазақ халқының қаһарман ұлдары Талғат Бигелдинов пен Рақымжан Қошқарбаевтың мүсіндері қойылды. Аудан орталығында пайдаланылуға берілген 36 пәтерлі төрт тұрғын үй мұнда әлеуметтік мәселелердің де оң шешіле бастағандығының айғағы. Аудан орталығында кейінгі жылдары пайдаланылуға берілген аудандық сот,
ішкі істер бөлімі, «Нұр Отан» партиясы филиалы, прокуратура ғимараттары Ақмолдың бас жоспарда белгіленген орталық алаңының сәнін келтіріп тұр. Сондай-ақ, жуырда пайдаланылуға берілуге тиіс аудан әкімдігінің ғимараты да Ақмолдың архитектуралық келбетімен үйлесімін тауып тұр.
Әрине, «біткен іске сыншы көп» деген бар. Алайда, аудан орталығы мәртебесіне ие болған кезде бұрынғы Малиновка ауылына қазақша атау беру мәселесінде асығыстық орын алған ба деген ой қылаң береді. Екі ғасырға жуық уақыт Ақмола аталып келген қаланың Елордаға айналған соң «Астана» болып өзгергендігін түсінуге болар. Ал енді, «Ақмол» деген атаудың қайдан пайда болғандығы түсініксіздеу. Ақмоланың «моласы» құлаққа жағымсыз естілсе ат қоюда алдына жан салмайтын қазақ бір әдемі атау табушы еді. Шынында да, Ақмола атауы ешқандай «ақ мол» дегенді білдірмейді, сол біраз жұрт секемдене қараған «мола» дегеннен бас-тау алған. Яғни, бұл жерде «моладан» қашамыз деп, ешқандай сүтке қатысы жоқ ауылды «Ақ мол» деп атаудың қаншалықты дұрыс екендігі күмән тудырады. Сайып келгенде, облысымыз Ақмола  да оның бір ауданының аты Ақмол болуы болашақта «молы дұрыс па, моласы дұрыс па?» дегендей, біраз пікірталас тудыруы әбден мүмкін. Міндетті түрде «ақ» деген сөз керек болса «Ақкент» деп неге атамаған?! «Көш жүре түзеледі» деген рас болса, көшіп-қонып жүріп асығыс қабылданған бұл шешім уақыт өте  түзелер  деп ойлаймыз. Сайып келгенде, «Ақмола» біздің тарихымыздың ажырамас бір бөлігі. Одан үркудің қажеті жоқ. Бұлай жалғаса берсе, облыстың атауын өзгертуге талпынушылардың да табылып қалуы мүмкін.  Мәселен, кезінде түрлі себептерге орай бұрмаланып кеткен «Қорғалжын», «Зеренді» тағы да басқа бүгінде олардың нақты мазмұнын біле алмай, әркім өзінше болжау айтып жүрген жер аттары аз емес қой. Ал,  біз болашақта туындайтын жаңылтпаштарды өзіміз жасап отырмыз.
Жалпы, жоспар бойынша Астанаға жақын орналасқан Жібек жолы,  Бозайғыр, Қосшы, Ақмол ауылдары болашақта Елордаға серіктес қалаларға айналуға тиіс. Осыдан біраз жылдар бұрын ол қалалардың бас жоспарлары да қылаң бергендей еді. Әзірге, Қосшы ауылының жанындағы «Лесная поляна» тұрғын үй алабы мен осы Целиноград ауданының орталығы – Ақмол  ауылында ғана сол жоспардың алғашқы нышаны көрініс таба бастады. Бұл арада Астанаға жақын орналасқан елді мекендердің Елорда келбетіне лайық болуы туралы Елбасының тапсырмасы бар екендігін ұмытуға болмайды. Соған орай, басқа аудандардың «түсіне де кірмейтін» қаржы қарастырылатындығы тағы бар. Яғни, Ақмол ауылы жақын болашақта келбеті келіскен, инфрақұрылымы дамыған, тұрғындардың тұрмыстарына ыңғайлы әсем қалаға айналуға тиіс.  Жоғарыда айтып өткеніміздей, оның алғашқы нышандары қазірдің өзінде көрініс тапқан.
 Талғат Қасен.
Суреттерде: Ақмол ауылындағы жаңадан салынған мешіт, аудандық әкімдік  және  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимараттары.

Ақмол ауылы,
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар