Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақ жолы атқан таңдай - АРҚА АЖАРЫ

Ақ жолы атқан таңдай

Кім десең Назарбаев, ей, адамзат,
Дарабозы ол даламның, құрылықтың.
Кім десең Назарбаев, ей, жамағат,
Арысы ол даналық пен ұлылықтың.

Қалпы бар мінезінде кісіліктің,
Кең пейіл, таза көңіл кішіліктің.
Алмасқан аталардан кие ме екен,
Бойында қасиет көп іріліктің.

Елбасы ел таңдаған біреу болды,
Ал елі басшысына тіреу болды.
Бірлігі, ынтымағы жарасқан ел,
Шын сүйген Елбасына сүйеу болды.

Ол елімнің әйгілі ер сұлтаны,
Саясатқа сұңғыла сыр-сұңқары.
Есімі шартарапқа кеткен тарап,
Қазақтың кәдімгі  ол Нұрсұлтаны.

Кең маңдай, айдай нұры жарқылдаған,
Таниды бір көргеннен парқын адам.
Саналы, салиқалы мінезінен,
Сабыр мен салмақтылық сарқылмаған.

Ұстаған ел тізгінін ерді ендеше,
Атаудың Елбасы деп орны ерекше.
Көшбасшы деп тағы да бағалаудың,
Жөні де, қисыны да бар бөлекше.

Ақ жолы Елбасының атқан таңдай,
Болашақ алдан күткен арман қандай.
Елінің ауыр жүгін өрге тартып,
Барады қайыспаған қара нардай.

Тұрған соң сүйеп, қолдап халқы мына,
Жігерлі жалын жүрек алқына ма.
Қарасай бабасындай қайсар тұлға,
Шыныққан шарболаттай балқымада.

Еліміз жиырма жылдың қырқасында,
Бағдар мол жасалған жол картасында.
Еңсесі көтерілді еркін елдің,
Елбасының еңбегі арқасында.

Ғарышқа Қазақстан қарыштаған,
Әлемде елу елден қалыспаған.
Басқарып байтақ елді Елбасымыз,
Пайым мен парасатты пар ұстаған.

 

 

Бас қаланың бейнесі

 

Көз тұнар Астананың келбетінен,
Есілдің толқынымен тербетілген.
Сәулет пен сұлулыққа табындырған,
Таппаспын сендей шаһар жер бетінен.

Сауырын Сарыарқаның сәнге бөлеп,
Кеудесін көкке керіп бой түзеген.
Арқаның апай төсін әнге бөлеп,
Асқақ қала Астана ой түзеген.

Қарасам Астанаға нұр тұнып тұр,
Ғажайып ғимараттар сыр құйып тұр.
Шағылып ай нұрына, күн нұрына,
Есілдің қос жағасы құлпырып тұр.

Мешіті «Нұр-Астана» дінге арна,
Пирамида, Бәйтерек ол бақ орда.
Сыйғызған бар әлемді бауырына,
Жүрегі Астананың бол Ақорда!
Келбеті ұлтымыздың дәл өзіңдей,
Береке, достық, бірлік ел көзіндей.
Осынау Астананың төрт айшығы,
Төрт таған өлең жолдың сөздеріндей.

Астана қиялдағы арман қала,
Тосатын жеңістерді алдан қала.
Өшпейтін жүрегіме махаббаттың,
Мәңгілік бедерлі ізін салған қала.

Ән шалқып аспанында Астананың,
Жайқалды жапырағы жас қаланың.
Елбасы мен Елорда, ел аманда,
Жұлдызы жарқырайды бас қаланың.

Атауы айдай нұрлы асыл хандай,
Ажары Астананың ашылғандай.
Жарасып нұр бейнесі Елбасының,
Мәңгілік Бас қалаға қосылғандай.

 

 

Жұмабай Есекеев,
ақын-жыршы, Қазақстан Республикасының
мәдениет қайраткері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар