Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлт Көшбасшысының қасиеттері мен жеңістері - АРҚА АЖАРЫ

Ұлт Көшбасшысының қасиеттері мен жеңістері

Ақиқатқа көз жеткізу үшін бүгінде тарихтың қойнауына кеткен 1991  жылғы оқиғалардың ұлы шахматтың тақтасындағы көп жүрісті партияларды  талдап көрелік. Осынау ерекше жарыста біздер кез-келген саяси ойынның   басты көрсеткіші ретінде оның оқиғалар барысына ықпал ету қабілеттерін алдымен атаймыз.

Мысалға, 1991 жылдағы желтоқсанда Горбачев кім еді. Ол Ельциннің  жеке басының және Беловеж үштігінің де әрекеттерін болжай  алмағандығымен қоймай, ойыннан шығуға мәжбүр болды. Бұл соғыссыз  бейбіт уақытта, бір күннің ішінде ғана тек жоғары лауазымын ғана емес,  бүтіндей бір елді, ұлы мемлекетті жоғалтып алған жосықсыз, болашақты болжай алмаған қауқарсыз адам болды. Енді Ельциннің қандай саяси салмағы болғанын саралап көрелік. Иә, ол Горбачевті тұйыққа тіреді. Бірақ, оған КСРО-ны ыдыратумен ғана  қол  жеткізді. Бұл тұста АҚШ Президенті  әке Джордж Буштың тұлғасы одан әлдеқайда салмақты болып шықты. Неге десеңіз, қалыптасқан ахуалдар жайында тек соған ғана шарасыздықтан болар, Вискулден Ельцин, Кремльден Горбачев телефон шалысты.
Қысқасы, осынау жылдары Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың   саяси ықпалы қаншалықты дәрежеде еді. Ең бастысы, мемлекетіміздің  осынау басшысы қиын кезеңдерде  өзінің еуразиялық интеграция жобасын  алға шығара алды. Ол өзге одақтас республикалардың келісімін алмай  жатып,  Достастық  Құрылтайын  жариялаған   Беловеж  үштігінің  жетегінде   кетпей, Алматыда ТМД-ны қайта құруға қол жеткізді. Елбасымыз  Еуразияны жекелеген блоктарға  бөліп,  сайып келгенде, түркі мұсылман  мен  славян-христиандардың  мақсат-мүдделерінің  қарама-қайшылықтарына итергісі  келгендермен  келіскен  жоқ. Қазақстан Лидері оларға осынау саяси  теке-тіресте күйрете соққы берді. Сондықтан, бүгінде аса беделді  саясаткерлер мен сарапшылар  Қазақстан Лидерінің интеллектуалдық  көшбасшылығының елдегі табыстарды көптеген жағдайларда сөзсіз  қамтамасыз еткенін айтады.
Нобельдік сыйлықтың физикадан 2006 жылғы лауреаты Джордж Фицджеральд Смут 3-ші  ақпарат құралдарында былай деп ой  түйеді:
– Бұндай лидерлер елді  дағдарыс  уағында  шебер  басқарып, ойдағыдай  алға жылжу мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін экономиканы жүргізіп, сыртқы саясатты да табысты атқарады. Бұл республиканың жемісті  өркендеуіне жақсы серпін береді. Мемлекетінің басшысына тікелей  сабақтас  Қазақстанның табыстары  барша әлемге үлгі.
Нобельдік сыйлықтың физиология мен медицина саласындағы 1991  жылғы лауреаты. Эрвин Неер де Ұлт Көшбасшысы туралы: – Меніңше, Нұрсұлтан Назарбаевтың  бойында интеллектуалды лидерлік  пен нақты іс   лидерінің қасиеттері тоғысқан. Ол озық концепциялармен қаруланып, шебер  жоспарлап, оларды өмірде жүзеге асыра алады. Қазақстан халқының өз елінде  бақытты болуына себептер жетеді. Неге  десеңіз, сіздерде  ең  бастысы – тұрақтылық бар. Қазақстан көптеген проблемалардан қорғалған  ел, – деген пікірлерін бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында ашық айтқаны  жадымызда.
– Иә, 1991 жылы Елбасымыз Қазақстан үшін керекті ең бастысы –  тұрақтылықты сақтап қалды. Енді арада 25 жыл өткенде осынау интеллектуалдық көшбасшылықтың әлемде нендей биіктерге көтерілгеніне  көз салалық. 1991 жылдың қазанында Нью-Йоркте ашылған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында Қазақстан Президенті сөз алды. Бұл оқиғаның астары мен болмысында  не бар  еді.
Бұл аз болса, әлемнің 90-шы жылдардың басындағы интеграциялық   картасына назар аударалық. 70-ші  жылдардың басынан бері Еуропада 35 ел  Қауіпсіздік пен Ықпалдастық Кеңесін  құрды. Соңынан ол ЕҚЫҰ болып  қайта аталды. 1991 жылы Еуропалық Одақ жайында Маастрихт шартына  қол қойылды.
– Америкада 40-шы жылдардың соңынан бері Америка  мемлекеттерінің  ұйымы жұмыс істеуде. Оның  құрамына 30-дан астам елдер кіреді. Африкада  50-ден астам мемлекеттер енген, сонау 60-шы жылдардың басынан бері  Африка Бірлігінің Ұйымы бар. Ал, Азияда ше! Азияда оның алуан  түрлілігіне сай бірегей интеграциялық жүйе жоқ болатын.
Осындай  жағдайда құрылғанына жыл толмаса да, жаңа мемлекеттің  Президенті БҰҰ мінберінен сөз алды. Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев   әлемдегі барлық қақтығыстардың түп себептерін жоюды ұсынды. Бұл үшін  ол әлемнің ең бай елдерінің 20 пайызының  кірістері ең кедей деген елдерінің 20 пайызының табыстарынан асып түсетінін айғақтайтын Әлемдік  теңсіздік формуласын шығарды. Елбасымыз осынау теңсіздікті біртіндеп  жоюды  алға  тартты.
Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар, алдымен Азияда, сонан соң Еуразияда қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың бірегей жүйесін құруды  ұсынды. Ол құрлықтар аралық құрылыстың 15 жылға арналған төрт қадамдық жоспарын жария етті. Қазақстан жоспардың өзіне тиесілі жағын толығымен  орындап шықты.
2000 жылдың өзінде-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа  интеграциялық құрылым Азиядағы Қауіпсіздік пен Өзара Сенім  Шаралары  Кеңесі  шаңырақ  көтерді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың интеллектуалдық және саяси  лидерлігінің кезекті дәлелі. Және де өркендеу де көп күттірген жоқ. 1991 жылы республикалар арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды сақтап қалу туралы сөз болса, 1992 жылы бастама аясы өзгеріп, ғаламдық деңгейдегі ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мақсат  қойылды.
  Өзіміз көріп отырғанымыздай, Президенттігінің алғашқы жылдарынан  бастап-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тұғырлардың жоғары сатыларына   сеніммен шыға бастады. Оған себеп не еді? Жауап қарапайым ғана. Елбасымыз  саясаткерге аса керек ұлы қасиеттердің баршасына – күрескерлік қуаттарға, әлеуетті интеллектіге, стратегиялық көрегендікке, қиын  жағдайларда да жауапкершілікті өзіне ала білетін мойымас  қайраткерлікке  ие. Мұны биылғы «Ұлт  жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын  жол»  атты мақаласынан-ақ көруге болады. Бұл қадамдар еліміздің әлемнің  дамыған елу мемлекетінің сапына қосылуын мұрат етіп, көксеген мақсаттарына жеткізетін жол ретінде қабылданды.

Смағұл РАХЫМБЕК,  
жазушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар