Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа тұрғын үйлер мен өндіріс орындары, балабақша мен қонақ үй кешені - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа тұрғын үйлер мен өндіріс орындары, балабақша мен қонақ үй кешені

осының бәрі мереке алдында бір-ақ күнде пайдалануға берілді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Көкшетау қаласында бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандар пайдалануға берілді. Тәуелсіздік жылдары елімізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен көптеген мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Солардың арасында «Нұрлы жол» бағдарламасының халыққа тигізген шапағаты зор. Осынау бағдарлама біздің облысымызда да сәтті жүзеге асырылуда.
Облыс басшысы облыс орталығының іргесіндегі Краснояр елді мекенінде жылумен қамтамасыз ету мақсатында салынып, биылғы жылу беру маусымында іске қосылған блокты модульді жаңа қазандықтың жұмысымен танысты. Жобаның құны 912,04 миллион теңгені құраған. Қазандыққа 92 нысан қосылған. Оның 16-сы көппәтерлі тұрғын үй, 6 заңды, 10 әлеуметтік-мәдени және 60 жекеменшік нысан. Сондай-ақ, алдағы уақытта 2,5 мың абонентті жылумен қамтымақ. Облыс әкімі қазандыққа жиналған ауыл тұрғындарын алда келе жатқан мерекемен құттықтай келе, алдағы уақытта осындай игі істер жалғасын таба беретінін атап өтті.
Осы күні ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көкшетаудағы «Сарыарқа» шағын ауданында 45 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға беріліп, баспана кезегінде тұрғандар қуанышқа бөленді. Салтанатты шараға облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Соңғы үш жылда «Сарыарқа» шағын ауданында аумағы 58309 шаршы метрді құрайтын 20 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 755 отбасы пәтерлі болды.
Облыс орталығында үдемелі индустриялық-инновациялық жоба аясында қарқын алып келе жатқан өндіріс ошақтарының бірі – «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының алкогольсіз және алкогольді сусындар шығаратын зауыты. Тәуелсіздікпен құрдас кәсіпорында бүгінде өндірілетін өнім түрлері ғана емес, сапа көрсеткіштері де жақсарып, бәсекеге қабілеттілігі арта түсті. Жұмыс жайында зауыт басшысы Мұрат Ахметов баяндап берді. Геологиялық зерттеулердің нәтижесінде Қошқарбай және Бурабай қойнауынан бағалы қайнарлар табылып, алдымен «Құлагер Арасан», 1996 жылы «Тұран» сулары шығарыла бастады. Алкогольді өнімдер қатары да молая түсті. Зауытта мыңнан астам адам жұмыс істейді.

 

Осы күні Солтүстік өнеркәсіп аймағында «Grand Royal Bottlers» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алкогольдік өнімдерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Жобаның құны 1,2 миллиард теңгені құрайды.  Италияндық «GISAL» компаниясының қазіргі заманғы желісімен жабдықталған зауыт 70 адамға жұмыс беріп отыр.
Мереке  қарсаңында сүт жəне сүт өнімдерін шығаратын жаңа зауыттың ашылуы да көкшетаулықтардың қуанышын одан әрі еселей түсті. «Нəтиже» кəсіпорнының қуаты тəулігіне  40 тонна сүт жəне сүт өнімдерін өңдеуге жетеді. Жобаның құны 500 миллион теңгені құрап отыр. Елу адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Салтанатты шараға қатысқан облыс басшысы өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
– Бүгінгі таңда өңірде 15 мыңнан астам адам кəсіпкерлікпен айналысуда. Олар бюджетке салық төлеп, өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда. «Нəтиже» кəсіпорны осы тұрғыдан алғанда Ақмола облысы аумағында ғана емес, Астана жəне Павлодар облыстарының нарығын да игермек, – деді  облыс əкімі құттықтау сөзінде.
Жалпы, ағымдағы жылы Көкшетауда өңірлік Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 2 миллиард теңгеден астам жеті жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде барлығы екі жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылды.  
Застанционный шағын ауданында салынған балабақшаның салтанатты ашылу рəсіміне қатысқан облыс əкімі Сергей  Кулагин елдегі іргелі істер Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқандығын атап өтті.
Осы күндері мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында облыс бойынша 7 мың орындық 68 мектепке дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға берілді.
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында көкшетаулық кәсіпкер, жергілікті мәслихаттың депутаты Ғалымжан Қопышевтің осы заманғы сәулет үлгісімен салған мейрамханасы бар қонақ үй кешені салтанатты түрде ашылды.
Бұл шараға облыс әкімі Сергей Кулагин және Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Бұл қонақ үй кешені айналасы бір жылдың ішінде пайдалануға берілді. Жаңа кешеннің жалпы алаңы 2800 шаршы метрді құрайды. Мейрамхана 60 адамға арналған. Сонымен бірге, караоке, кофейня залдары да кешеннің заман талабына сай салынғанын көрсетеді. Қазір мұнда барлығы елу адам жұмыс істейді.
– Өңірімізде туристік бизнесті дамыту аса маңызды болып отыр. Сұлу табиғат аясында орналасқан қаланың да тартымдылығын айшықтай түсетіні анық, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде. Осылайша көкшетаулықтар үшін бұл күн ақжарма қуанышқа толы болды.

Суретте: Застанционный шағын ауданында салынған жаңа балабақшаның сыртқы көрінісі.

Аслан Оспанов.

Суреттерді түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар