Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балаларға мейірімді болайық - АРҚА АЖАРЫ

Балаларға мейірімді болайық

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Отбасы құндылықтары» күні кәмелеттік  жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығында «Мейірімділік жолымен» атты шара өткізді.

Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова отбасы – шағын мемлекет екендігін, сол шағын мемлекет қуатты болған жағдайда еліміз де өркендейтінін атап өтті. Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова баланың тұлға болып қалыптасуында отбасы институтының маңызы зор екендігін,  қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдердің өзінде  жетімін жылатпаған, жесірін тентіретпеген халық болғандығын айтып, әр қазақстандықтың бойында мейірімділік деген асыл қасиеттің  болу қажеттігіне тоқталды.
Кәмелеттік  жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығының директоры Қайрат Темірбаев  орталық жөнінде баяндап, балаларға шат күлкі сыйлаған қонақтарға алғысын білдірді.  Шара соңы поляк  мәдени   бірлестігі ұжымының  ұйымдастырған  концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар