Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Конфуций институты құрылады - АРҚА АЖАРЫ

Конфуций институты құрылады

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініде Қытай Халық Республикасы Шыңжаң өлкесіндегі Үрімші аграрлық институтының жанынан құрылған  Конфуций институтының өкілдерімен өткен кездесуде осындай институтты Көкшетауда құру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Қазақстанмен танысып, әріптестік байланыс орнату мақсатында келген Қытайдың ғұламасы атындағы инс-титут өкілдері Жи Жиан Вын, Йаң Жиан Лин және басқалары  студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру, тағылымдамалар ұйымдастыру, кеңестер беру және басқа істерді жүзеге асырмақшы.
Қытайлық делегацияны  университеттің ректоры Әбдімүтәліп  Әбжаппаров қабылдады. Содан кейін конференц-залында студенттермен, оқытушылармен кездесу өтізілді. Қытай – әлемнің көптеген елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен де экономикалық, мәдени, саяси, білім, ғылым салаларында мықты әріптестік қарым-қатынас орнатқан мемлекет.  Бұл елге деген қызығушылық күннен-күнге артуда. Қазіргі уақытта  елімізде қытай тілін отыз мыңнан астам адам оқып, үйреніп жатыр екен. Бүгінде Қазақстанда төрт Конфуций институты қызмет етуде. Орталықтың басты міндеті – Қазақстан мен Қытай арасындағы білім-ғылым бағытындағы ынтымақтастықты дамыту, қытай тілін үйрету және қытай мәдениеті мен әлеуметтік өмірі, экономикасы туралы ақпараттар беру, екі елдің достық қарым-қатынасын нығайту болып табылады.
Конфуций институтының штаб-пәтері – Хань-Бань қаласында орналасқан. Конфуций институты  аграрлық, экономикалық, туризм, көптілділік сияқты негізгі 4 бағытта жұмыс істейді.  Кездесу барысында Қытай делегация-сы университеттің мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі мамандығының  зертханасын, университеттің тарихи мұражайын,  қазақ, орыс филологиялары кабинеттерін, ағылшын тілі мен ОӘ лингафон кабинеттерін, химия және биотехнология  кафедраларының оқу зертханаларын, С.Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институтында орналасқан бірқатар зертханаларды аралап көрді.  Сондай-ақ, жоғары оқу орнының бас оқу ғимаратында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы мұражайға барып, онда  құрметті қонақтарға арналған кітапқа өз қолтаңбаларын қалдырды.
Кездесу соңында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Конфуций институты арасында Конфуций институтын құру туралы үш тілдегі екіжақты  келісімшарт жасалып, оған қол қойылды.
Кездесуден кейін Қытай делегациясы өкілдері үшін жер жәннаты – Бурабайдың әсем табиғатына саяхат ұйымдастырылды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар