Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамымызда тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарта түсу қажеттілігі туралы аз айтылып жүрген жоқ. - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамымызда тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарта түсу қажеттілігі туралы аз айтылып жүрген жоқ.

Қызмет сапасы жақсарып келеді

Бұл орайда біраз игі істер қолға алынып, тұрғындарға қаптаған анықтамалар мен қажеті шамалы қағаздарды жинатып, «есік жағалатпай» сапалы қызмет көрсету мәселесі мықтап қолға алына бастағаны да белгілі.  Дегенмен, әлі де болса, шешімі табылмаған жайлар жоқ емес.
Жуырда  аудан орталығының  Ақмол ауылында «Тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына деген қанағаттану деңгейін көтеру» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облыстық департаментінің басқарма жетекшісі А.Мұхаметжанов, облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді сараптау бөлімінің жетекшісі Д.Жұмабек, облыс әкімі аппараты басқару қызметінің жетекшісі Б.Әбутәліпов, Аршалы, Зеренді, Шортанды, Ерейментау аудандарының ауыл әкімдері, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
 Семинар-кеңесте мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін бұлжытпай орындауы, тұрғындарға қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеру сынды мәселелер жан-жақты талқыланып, жиналғандар ой бөлісіп, пікір алмасты.
    
Талғат БАҚТЫБЕКҰЛЫ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар