Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздіктің әр нышаны құнды - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздіктің әр нышаны құнды

Облыстық  №3  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары «Теңге – тәуелсіздік нышаны» ашық сабағынан өздеріне көп мағлұмат алды.

 

Сабақтың басты мақсаты – Ұлттық теңгенің тарихы мен маңызын түсіндіру. Мектеп-интернаттың 10 «а» сыныбының оқушыларымен өткен сабақта тарих пәнінің мұғалімі Әдей Жайнагүл оқушыларды топтық жұмысқа тартып, ойын, викториналар өткізді. Танымдық сипаты мол іс-шараға «Сбербанк» АҚ бас менеджері Аслан Қазжанов қатысып, төл теңге туралы қызықты  ақпараттар айтып берді. Сабақ барысында осы сыныптың оқушылары да өз ойларын, білімдерін ортаға салды. Солардың бірі – Арман Тайжан.
– 14 жылға дейін теңгенің өзіне тән таңбасы болмады. 2006 жылы Ұлттық валюта белгісін анықтау мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі арнайы байқау жариялады. Оған 30 мыңға жуық сурет келіп түсіпті. Сол суреттердің арасында біреуі ғана таңдалып, 2007 жылдың нау-рыз айында ресми түрде бекітілді. Оның авторлары Вадим Давиденко мен Санжар Әмірханов. Ерекшелігі сол теңгедегі жазу қазақ және орыс тілдерінде кескінделген,–деді ол.     
Негізі «теңге» ұғымының дүниеге келуі кездейсоқтық емес. Осыдан алты ғасыр бұрын біздің аумақта өмір сүрген халықтар ақшаны «танга» немесе «тенга» деп атаған екен. Ұлттық ақшамыздың атауын ойлап табуда да түрлі пікірталастар болды. Сол кезде тіпті, «алтын» атауын ақшаға пайдалануды ұсынғандар да болса керек. «Данга», «ділда», «танга» тағы басқа көптеген атаудың арасынан «теңге» алға шықты. Осындай танымды әрі мәнді мағлұматқа толы тағылымы бөлек ашық сабақта оқушылар төл теңгеміз туралы өз білімдерін толықтыра түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар