Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңды түсіндіру қолға алынды - АРҚА АЖАРЫ

Заңды түсіндіру қолға алынды

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан келесі жылдан бастап салық туралы заңнамаларға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Шараға «Нұр Отан» партиясының белсенділері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері де тартылуда. Жұртшылық арасында жаңа заң талаптарын түсіндіру шаралары  Көкшетау қаласының орталық базарында, сауда үйлерінде өткізілуде. Мұндай кездесулерде кассалық бақылау құрылғылары және POS-терминалдарымен жұмыс, электрондық шот-фактураларды беру тәртібі, ақшалай қаражаттар мен мүлікті жекешелендіру және «Чекті талап ет те жүлде ұт» акцияларының шарттары жайында әңгімеленеді. Бұл шараларға қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қанат Әлімов, мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды жекешелендіру басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Тілеулин, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Назгүл Аюпова сияқты білікті мамандар мен өңірлік кәсіпкерлер палата-
сының өкілі Марат Алтынбеков қатысуда.
Кездесу барысында осы саланың мамандары  жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, пайдалы ақпараттармен бөліседі, буклеттер мен кітапшалар таратады. Мұндай шаралар жыл аяғына дейін жалғаспақ.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар