Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жобалар ұсынылды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жобалар ұсынылды

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында өңір жастары, студенттері мен жас кәсіпкерлері арасында «AKMOLA  POWER» инновациялық жобалардың облыстық байқауы болып өтті.

Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма, облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова сөз сөйлеп, байқау ақмолалықтардың шығармашылық, білім беру және әлеуметтік бастамасын қолдауға, жобалық зерттеу жұмысына қатысқандарды ынталандыруға және еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік саясаттың басымдығын жүзеге асыру мақсатында экономиканың әртүрлі саласына инновациялық технологияны енгізуге, сондай-ақ, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу концепциясын жүзеге асыратын «Жасыл көпір» бағдарламасына бағытталғанын атап өтті.
– Әр аталым үшін 3 жүлделі орын тағайындалған. Үздік инновациялық идея мен жобалар «Шағын-ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін ұсыну мақсатында облыс базасына енгізіледі. Байқауға қатысушылар әртүрлі аталым бойынша білім беру, ғылыми және инновациялық үрдістердің элементтері бар ғылымға негізделген идеялар мен жобаларын ұсынды. Оның ішінде қосалқы энергия көзі, энергия тиімділігі және өзге де энергетика саласының инновациясы, ауыл шаруашылығы, экология және табиғатты пайдалану салаларындағы бастамалар бар. Мәселен, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Айжан Талғатқызы табиғаты құбылмалы солтүстік өңірде тез пісетін дәнді дақылдың бес тұқымын «Мирас жер Агрофирмасы» серіктестігінің алқабында зерттеп жүр. Жұмсақ бидайдың тұқымдары елу алты тұқымның ішінен таңдап алыныпты. Аталмыш университеттің оқытушысы Маржан Мырзаханова ылғал сақтағыш гидрогель ұнтағын пайдалану, су мен электр қуатын үнемдеу жобасын ұсыныпты. Сондай-ақ, студент Мәдияр Машрапов облыс орталығындағы кейбір мәселелерді шешу жайында пікір білдірді.
– Соңғы жылдары базар маңындағы көшелерде автокөлік кептелісі көп. Оның үстіне автокөлік газынан қаланың экологиялық жағдайы нашарлайды. Осы бағытта да жаңа идея-ларым және жобаларым бар, – деді ол бізбен әңгімесінде. Облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов төрағалық еткен комиссия мүшелері әрбір идея мен жобаларды тыңдап, тиісті бағасын берді.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар