Таяуда облыстық сотта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елімізді әлемге танытуға сіңірген еңбегіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің ашылу салтанатында облыстық соттың төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов жиналғандарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Елбасының ел басқарудағы ерен қабілеті, табандылығы мен көреген саясаткерлігі жайында баяндай келе, тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі қол жеткен жетістіктері жайлы айтты.
Облыстық сот ұжымы мен Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана бірлесіп ұйымдастырған көрмеге Ұлт Көшбасшысы, кемеңгер саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» мұраты жолындағы, сот жүйесін дамытудағы ерекше рөлі және басқа да са-яси қырларын қамтитын жүзден астам кітап қойылған.
Облыстық соттың баспасөз қызметі.