Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заң бұзушылықтар анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Заң бұзушылықтар анықталды

«Ақша есепті сүйеді» деген сөз текке айтылмаған. Ақша жүрген жерде міндетті түрде есеп-қисап және бақылау болуы тиіс. Осы орайда, облыстық тексеру комиссиясы өзіне жүктелген ауыр да жауапты міндетті талапқа сай орындап келе жатқандығын айтсақ, артық болмас.

Биылғы жылдың алғашқы он айының ішінде тексеру комиссиясы 13 аудиторлық іс-шара өткізіп,  159 нысанның қаржы жағдайы тексерілді. Осы тексерулердің қорытындысына сай, жалпы ауқымы
10 517 685,7 мың теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Тарата айтар болсақ, бюджеттік қаражатты пайдалануға байланысты 5 730 578,2  мың теңге, мемлекет активтерін пайдалануға байланысты  1 451 890,3 мың теңге, қаржы есептілігін жасауға байланысты  1 000 936,5 мың теңге, бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану бойынша  1 793 129,5 мың теңге, белгіленген рәсімдерді бұзушылықтар бойынша  541 151,2 мың теңге болды.
Тексеру комисссиясының жүргізген тексеру жұмыстары барысында заңсыздықтарға жол берген 65 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Қаржы заңдарын бұзған  28 лауазым иесі сот шешімімен әкімшілік жазаға тартылып, 11 213,5 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Қаржы заңдары мен ережелерін бұзуға жол берген уәкілетті және мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ,
аудит нысандарына тексеру барысында анықталған олқылықтарды жоюға қатысты 293 тапсырма мен 50 ұсыныс жіберілді.  Биылғы жылдың он айы ішінде мемлекеттік аудит нысандары бюджеттің әртүрлі деңгейдегі кірісі бойынша  
232 311,0 мың теңге көлемінде қаржыны қалпына келтірді. Тексеру комиссиясы заң бойынша шешімдер қабылдау үшін аудиттің 82 материалын құқық қорғау органдарына жіберді. Заң бұзған оқиғаларға қатысты  30 қылмыстық іс қозғалып,
6 оқиғаға қатысты заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді.
Мереке МҰСТАФИН,
облыстық тексеру комиссиясының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар