Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астықтың сапалы сақталуына барлық жағдай бар - АРҚА АЖАРЫ

Астықтың сапалы сақталуына барлық жағдай бар

«Астық туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес, астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жүзеге асырады.

Сонымен қатар, бұл қызметті атқаратын астық  қабылдау кәсіпорны өзінің меншігінде астықты сақтауды жүзеге асыратын астық қоймасы (элеватор, астықты қабылдау пункті) бар заңды тұлға болып табылады.   Астықты сақтау, бұл өз кезегінде астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту, сақтау және тиеу жұмыстары кіретін қызметтердің технологиялық кешені.
Бүгінгі таңда облыста жалпы сақтау сыйымдылығы 4,1 миллион тоннаны құрайтын 64 лицензияланған астық сақтау кәсіпорындары бар. Астықты қабылдау, кептіру, тазарту және сақтау шараларын дұрыс жүргізудің арқасында облыстың лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жыл сайын оның бүтіндігін толығымен қамтамасыз етіп отыратынын айта кету керек, бұл астық экспортының көлемін арттыруға оң ықпалын тигізеді, нәтижесінде  өңірдің ауыл шаруашылығындағы экономиканың беті бері қарайтын болады.
Заңнамаға сәйкес тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тұлға астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметтерін негізгі немесе қосымша қызмет ретінде ұсынуға құқысы жоқ, сондай-ақ, өзінің атауында, құжаттарында және жарнамасында «астықты сақтау кәсіпорны», «астық қоймасы», «астықты қабылдау пункті», «элеватор» немесе тағы сол сияқты астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметтерін көрсетуге байланысты қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған сөздерді қолдана алмайды.
Сонымен қатар, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жалпы қолданыстағы тауарлық қойма болып табылады. Олармен жасалған астықты сақтау туралы келісім-шарттар көпшілікпен жасалған келісім-шарт болып табылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметтерін көрсетуді лицензиялаушы болып табылады, сонымен бірге, лицензияны беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы заңды тұлғалардың астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметтерін көрсетуге лицензияны алу үшін берген өтінімдерін қағаз түрінде не болмаса   www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы қабылдайды.    
«Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметін көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі мен тәсілі туралы толығырақ ақпаратты алу үшін  Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89 мекен-жайы бойынша орналасқан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 408-бөлмесіне келуге,
90-30-23 телефонына хабарласуға не болмаса www.ush.akmo.kz  аталмыш  басқарманың сайтына жүгінуге болады.

Қуаныш СҮЛЕЙМЕНОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар