Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балықтың қадірін білген Алдаберген - АРҚА АЖАРЫ

Балықтың қадірін білген Алдаберген

Балық аулауды бүгінде көп адамдар ермек ретінде санаса,  қыр-сырына бойлап, өзінің жаны қалаған кәсібі етіп алғандар да бар. Сондай жандардың бірі  –  ғұмырының жиырма жылдан астам уақытын балық шаруашылығын дамытуға арнаған  – Алдаберген Тәшенов. Осыны  отбасылық іске айналдырған балықшы ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, әр күнін Солдаткөлдің жағасында өткізуден жалықпайды.

 

Ұялы ауылындағы мектепті бітіріп, Иваново энергетикалық техникумын тәмамдаған Алдаберген Тәшенов туған ауылына оралған соң балық шаруашылығымен шұғылдана бастайды. Сөйтіп, балықшылықты күнкөрістік кәсіпке айналдырады.  
Балықшы әр күнін балық аулаумен өткізеді. Ол көл басына балық аулауға кеткенде жары Шолпан ауланған балықтарды өңдеп, нарыққа шығарып сатады және есеп-қисап жүргізумен шұғылданады. Ағымдағы жылы балықшының отбасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,5 миллион теңге көлемінде шағын несие алып, әрқайсысының салмағы 100 грамнан болатын 50 мың дана тұқы балық әкеліп көлге жіберді. Оған 2 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты. Ресейдің Челябі қаласының балық шаруашылығы орталығынан албырт тұқымдас балық әкелді. Мұнымен шектелмей, балықтың «карпокарась» атты жаңа гибритін шығарған.
Алғашқыда шаруашылығын ата-анасының қолдауымен бірге бастаған. Көлге шама-шарқынша балық тұқымын жіберген. 1994 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шаруасын дөңгелете бастаған. Қазір кәсіпкер Зеренді ауданындағы екі су қоймасынан жылына 5 тонна балық аулайды. Олардың ішінде тұқы, мөңке, рипус балықтары бар. «Мен өзім – аңшымын, жас кезімде балық ауладым. Содан балықты негізгі ісіме айналдырып, қиыншылығы мен қызығы қатар жүрген, қажыр-қайратты, жігерді, төзім мен шыдамды талап ететін шаруамен айналысуға бел будым» дейді балықшы. Ол күніне жүз келіге дейін балық аулайды. Оны Көкшетау қаласына, Астанаға және өзінің туған Зеренді ауданының сауда орындарына жеткізіп, сатып, пайда табады. Жыл сайын Солдаткөл көлі Тәшеновтер отбасының күшімен қажетті шабақтармен толығады.  
–Балық аулау тапсырыс пен ауа райының жағдайына байланысты жүзеге асырылады. Күніне 100 келідей аулаймыз. Балаңқұрттар мен шабақтарды көлдің жел жағынан жібереміз. Тұқы балық пен сары мөңкені будандастырып, «карпокарась» атты балықтың жаңа түрін ойлап таптық. Балық ірі, әрі жегенде дәмді болып шықты, –дейді Алдаберген Тәшенов.
Балықшы алдағы уақытта балық аулаудың көлемін ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл үшін мемлекеттік субсидия қажет. Көлді пайдаланғаны үшін төленетін жал ақысы төлемдері мен салығы, қарамағындағы балықшыларға беретін еңбекақы бар, оған қоса, пайда да табу керек қой.  
– Ендігі жылы көлден шамамен 16 тонна балық өндіруді межелеп отырмыз. Балықтың жаңа түрінен 10 тонна, тұқыдан 5 тонна, албырт тұқымдас балықтан 1 тонна өндіруді жоспарладық. Екі су қоймасын қоса алғанда, 20 тонна балық аулануы тиіс. Шаруамызды алға дамыту үшін балық өндіру көлемін молайта түсуіміз қажет. Ол үшін мемлекеттен субсидия берілсе, нұр үстіне нұр болар еді, –деп өз мәселесін де ортаға салды ол.
Алдаберген ағамыз көл тек өзінің ғана пайдалануына беріліп, жекеменшігіне айналса деп армандайды. Бұл таң қаларлық дүние емес, себебі жыл сайын көлге өзі жан бітіріп, шабақтармен жандандыруда. Осы күні қар тоқтату, балықтарға оттегін жіберу секілді жұмыстарды да істеп жүр. Өзімен бірге үш балықшы бар. Ендігі жылы тағы екі адамды жұмысқа алмақшы.  Балықшының жары балық ауламаса да, оның әр қадамына тілекші. «Балаларым мен немерелерім демалыс күндері бізге қонаққа келгенде, маған көмектеседі», –  деп тәубе етеді балықшы.
Солдаткөлді Тәшеновтер әулеті күні-түні өздері күзетіп, қорғайды. Көлдің жалда екендігі туралы баннер де жасап қойған. Мемлекеттік инспекторлар да көлді қарап, қадағалап жүреді.
Жалпы балық табиғатынан адамның денсаулығына қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Медицина мамандарының мәліметінше, әрбір адам жылына 14 келіден астам балық жесе, организмдері балықтан алынатын пайдалы заттармен толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан, аквамәдениетті дамытумен қатар, табиғи қорларымызды да қолдап отырғанымыз абзал деп ойлаймын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар