Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Диуани хикмет» оқырманға жол тартты - АРҚА АЖАРЫ

«Диуани хикмет» оқырманға жол тартты

«Қожа Ахмет Яссауи мұрасы: маңыздылығы, сипаты және ғибраты»  аймақаралық конференциясында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов сөз сөйлеп, «Диуани хикмет» қолжазбасының тұсауы кесілді.

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс» деген болатын. 2016 жыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Қожа Ахмет Яссауи
жылы болып жарияланған еді. Бұл конференция осы бастаманы қолдай отырып және түркі әдебиеті ғұламасының өмірден өткеніне 850 жыл толуы-на орай, сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің қорынан табылған «Диуани хикмет» қолжазба аудармасының тұсаукесерін өткізу мақсатында ұйымдастырылды.
Конференцияны Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ерболат Баятұлы ашып, жүргізді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жиналғандарды ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, конференцияның жұмысына сәттілік тіледі. Бүгінгі күні облыстағы 11 музейде 150 мыңнан астам жәдігерлер сақталса, соның ішінде көнеден жеткен «Диуани хикметтің» алатын орны ерекше. Облыс әкімінің орынбасары көкшетаулық нұсқасының қолжазбасымен жұмыс жасаған және өзге нұсқаларымен салыстыра отырып зерттеген Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожа мен филология ғылымдарының кандидаты Иманғазы Нұрахметұлына, кітапты баспадан басып шығарған Астана қаласының «Фолиант» баспасына алғысын білдірді.
Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева оқырманға жол тартқалы отырған
«Диуани хикметтің» көкшетаулық нұсқасының тұсаукесерін жасады.
Конференцияға арнайы келген Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Масул Шейх Зейнеддин Яссауи шығармашылығының маңыздылығы мен мәні, оның түркі филологиясына қосқан зор үлесін айта келе, қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.
Жоғарыда аталған ғалымдар осы қолжазбадағы өлең жолдары шағатай тілінде жазылған хикметтердің ең көне нұсқасы екендігін анықтаған. Бұл кітап шамамен 16-17 ғасырлардың аралығында Бұхар қағазына түсіріліпті. Кітап орта ғасырдағы қазақтың әдеби-жазба тілі – шағатай тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған. Ол қазіргі қазақтың әдеби-жазба тіліне жақын. Бұрыннан бар нұсқалары шағатай тілінің оғыз диалектісінде, яғни, қазіргі өзбек тіліне орайлас жазылған екен. Музейдегі бұл нұсқа ең көне және сирек кездесетін үлгі. Көлемі тоқсан беттен тұрады. Қолжазба қазақ әдебиеті, тіл тарихы, ежелгі діни философия үшін теңдессіз құнды  әрі маңызды рухани мұра болып табылады.  Баға жетпес қымбат қазына болып саналатын осы мұраны  1990 жылдардың басында  музейдің бұрынғы қызметкері, ұлтжанды азамат Маманбай Өмірзақов тауып, қорға тапсырыпты. Оның айтуына қарағанда, Науан Хазіреттің інісі Сұрағанның қызы Нүрилә әжесінің көздің қарашығындай сақтаған жәдігері екен.    
Конференцияда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия және теология ғылымдарының докторы,  профессор Досай Кенжетайдың «Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінің мәні», Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің дайындық факультетінің деканы Сердар Дағыстанның «Қожа Ахмет Яссауидің түркі әліміндегі тұлғалық орны», ал, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Иманғазы Нұрахметұлының «Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінің көкшетаулық нұсқасы және оның аударылуы хақында» тақыптарындағы әдеби-танымдық баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, конференция барысында аударма туралы көптеген пікірлер айтылды. Бұдан әріде  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек хикметтің көкшетаулық нұсқасының көркемдік, сапалық құндылығы туралы айтып берді.  Конференция барысында Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің  арнайы ұйымдастырып әкелген «Яссауи тағылымы» атты көрмесін көкшетаулықтар зор ықыласпен тамашалады.
Ғылымға «Көкшетаулық нұсқа» деген атаумен еніп отырған аударма тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында оқырман қауымға жол тартып отырған түркі әдебиетінің құнды мұрасы болмақ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар