Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іске жанашырлық сезіледі - АРҚА АЖАРЫ

Іске жанашырлық сезіледі

Облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық қоғамдық  кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен өткен кеңес отырысында «Сара» қоғамдық қорының «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жасаған мониторингі жөнінде есебі тыңдалып, бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқыланды.

Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіне сай алдымен «Сара» қоғамдық қорының басшысы Сара Баймағамбетованың облыстағы жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында атқарған жұмысының нәтижесімен танысты. Ол «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту инс-титуты» жекеменшік мекемесімен бірлесіп жасаған келісім-шартқа сай ағымдағы жылы «Әлеуметтік аудит жүргізу мектебі» шағын жобасын қолға алыпты. Соның негізінде жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамту» бағытының әлеуметтік-мәдени нысандарына күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу пункті бойынша атқарылған әлеуметтік аудиттің жайын баяндап берді. Нақтылай түсетін болсақ, әлеуметтік аудит дегеніміз – бюджеттік бағдарламалардың қатысушыларын қатыстыра отырып, сараптама, мониторинг, тыңдау элементтерін қолдану негізінде жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау технологиясы. Осыған орай, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен және жекеменшік иелерімен серіктесіп, облыста бағдарлама аясында жөндеуден өткен нысандардың санын анықтап, онда қалыптастырылған жұмыс орындары мен уақытша жұмысшылардың еңбек- ақыларының орташа айлық көрсеткішін нақтылаған.
Осы орайда, ол Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Краснояр селосындағы №3 агротехникалық колледжінің аумағы мен кіреберісіне асфальт төсеу жұмыстарының сапалы жүргізілгендігін және бюджеттен бөлінген қаражатқа 13 миллион теңге шамасында үнем жасалғандығын айтып өтті. Бағдарлама шеңберінде екі жұмыссыз адам уақытша жұмыспен қамтылыпты. Жүргізілген жұмысқа колледж қызметкерлері мен оқытушылары дән риза. Сонымен қатар, осы Краснояр селосындағы №2 орта мектеп пен №2 емханасы бар қалалық ауруханада, Ақмола облыстық онкологиялық диспансерінде және  Атбасар қаласындағы ақыл ойы және психологиялық дамуы кем балаларға арналған облыстық түзету мектеп-интернатының ғимаратында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына жасалған аудиттің нәтижесін де жан-жақты баяндады. Осы орайда, қор басшысы бағдарлама әкімшілеріне күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін нысандарды алдын ала анықтап, тапсырыс беру және жұмысты қолға алғандарға нысандағы жұмысты уақытында аяқтау, оқу процесінің, басқа да мекемелердің жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін уақытылы қаржыландыру қажеттігін атап өтті. Ал, әлеуметтік-мәдени нысандардың басшыларына қажетті күрделі жөндеу жұмыстарын атқаруға арналған өтініштер мен жобалық-сметалық құжаттарға өзгертулерді уақытында енгізіп отыру жөнінде ұсыныс жасады. Сол сияқты, жұмыс берушілер мен мердігерлерге денсаулық сақтау мекемелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгенде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескеріп, жұмыспен қамту мекемелері жіберген жұмыссыздардың мамандықтарын ескеруге назар аударды. Кеңес төрағасы Дулат Нұрмолдин мұндай жобаның кеңесте алғаш рет қаралып отырғандығын және алдағы уақытта әлі де бірлесіп осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыс істейтіндігін айтты.
Бұдан соң, кеңесте нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқыланды. Күн тәртібіне алынған 15 жоба бойынша ұсыныстар жасалып, қабылданды. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы
Бауыржан Малғаждаров 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет, 2017-2019 жылдарға арналған облыс пен аудандардың бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі, алдағы жылдарға жоспарланған бюджеттерге,  нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар жасады.
Сол сияқты облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, табиғи ресурс-тар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармалары басшыларының ұсыныстары тыңдалып, олардың нормативтік-құқықтық актілеріне өзгертулер енгізуі жан-жақты талқыланып, негізінен  қабылданды.
Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі Галина Шеварева басқа елге қоныс аударуына орай, оның орнына үш үміткердің кандидатурасы ұсынылды. Дауысқа салу нәтижесінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, ғылым докторы  Әбілжан Құсайынов қоғамдық кеңеске мүшелікке қабылданды.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар